Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық жігіт жұмыс істеп тапқан 2 миллион долларын рак ауруын зерттеуге берді

Әйгілі Twitter компаниясында жұмыс істеген 26 жастағы Асхат Мырзабаев Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университетті тәмамдаған.

11(174)

Фото: alashainasy.kz

Бұл туралы Ақ Жайық хабарлайды.

Асхат 2011 жылы Твиттер компаниясына жұмысқа орналасып, әлеуметтік желінің жетілуі үшін елеулі үлес қосады. Осылайша алғашқы еңбек жолы АҚШ-тан басталған.

Асхат 3-курс оқып жүргенде курстық жұмыс жазып, жоба қорғаған. Ол Twitter-ден өзіне қажетті модульді тауып, өз жұмысына қолдаған. Кейіннен оны одан әрі дамыта түсіп,  Twitter компаниясындағыларға өзі енгізген өзгерістері жөнінде жазып жіберіпті. Оның бұл жаңалығы жұмыстың жылдам жүруіне көмектессе керек, Асхатты бірден іс-тәжірибеден өтуге шақырған. Бұл ұсынысқа келіскен Асхат жаз бойы шетелдегі Twitter компаниясында  шыңдалады. Кейіннен оны сонда қалып жұмыс істеуге ұсыныс айтқан.

“Әлемнің әр түкпірінде жұмыс істеп, өмір сүріп көрдім: Франция, АҚШ, Англия, Азия елдері. Бірақ, бәрібір Қазақстанға ештеңе жетпейді” дейді ол.

Елге келген соң достарымен ақылдасып, өзіндік жоба ашуды мақсат етеді. Осылайша hipo.kz өмірге келген. Ол жерде компаниялар үшін кадр табуға көмектесетін жоба бар. Қазіргі таңда бұл жобаны 70 мың қолданушы мен 330 серіктес-компаниялар, халықаралық компаниялар, түрлі брендтер пайдаланады екен. Арасында қосымша басқа да жобалармен айналысып, IT саласының ұңғыл-шұңғылына бойлағанды жөн көреді.

Ол Google компаниясында жұмыс істеуді арман етіп, аталмыш мекемеге де барып көрген.

“Бұл 2012 жылы болатын. Ол кезде шынымды айтсам мен әлі тәжірибесіз едім. Бір жағынан инженерлік позицияға емес, бірден өнімдер жөніндегі менеджерге өтініш бергенмін. Бұл жерде маған өмірлік тәжірибе жетіспеді деп айтуға болады”, – дейді ол.

Бір қызығы осы салада тер төгіп тапқан ақшасын Асхат өзіне жаратпастан, қайырымдылық қорына аударған.

“2014 жылы мен ірі британиялық банктың жобасымен жұмыс істедім. Ол капиталы бойынша әлемдегі үздік ондыққа кіретін, 25 миллион тұтынушысы бар банк. Ол жерде небәрі бір жарым жылдай қызмет атқардым. Олар тұтынушының қай типі өнім сатып алу кезінде қандай қызығушылыққа ие деген сауалға бас қатырған: мысалы біреу кофені жақсы көреді, біреу велосипед сатып алады дегендей. Сосын біз сараптама жасап барлық жүйені талдап шықтық. Сосын жоба аяқталысымен банк маған ірі көлемде бонус берді. Бұл 2 миллион доллар. Мен ойланып жатпастан бұл қаражатты рак ауруымен күресетін қорға беруді дұрыс деп шештім”, – дейді Асхат.

Осыншама ақшаны ауруды емдеу әдісін табу мақсатына жұмсағаным үшін өкінбеймін дейді ол. Асхаттың айтуынша, бұл қаражатты қалай жарату керектігі туралы да жоспары болмапты. Әлі ақша тауып үлгеремін деген жас маман тек адамдардың денсаулығы мықты болса дейді.

Оқи отырыңыздар:

Қазақстандағы ең үздік перзентхана тізімі жарияланды

Австралиялық әйел босанған соң 2 ай ішінде арықтап сымбатын қалпына келтірген (фото)

Турист қыз суреттеріне қарап отырып бүлдіршіннің сағатын ұрлап алғанын байқады (фото)

Психологтар ерлі зайыптылардың ажырасуына себеп болатын 6 белгіні атады 

Талқылау