Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлікте қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін Рамзан Қадыров айыппұл төлейтін болды (видео)

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Инстаграм парақшасында жариялаған видеосы үшін айыппұл төлейтінін мәлімдеді.

 

))))✋👍

Видео опубликовано Аллах Велик!!! (@kadyrov_95)

Бұл туралы Stan.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Видеода мемлекет басшысы көлікте кетіп бара жатып, балалармен қосылып ән айтқаны түсірілген. Бірақ олардың ешқайсысы көліктің қауіпсіздік белдігін тақпағаны белгілі болды.

“Мінсіз адам болмайды. Видеоны көргендер менің қауіпсіздік белдігін тақпағанымды байқап қойыпты. Бұл туралы Шешенстан мемлкекетінің ІІД мемлекеттік көлік инспекциясы басқармасы хабардар болған. Полковник шұғыл түрде протокол толтырып, айыппұл мөлшерін жазып берді”, – деп Рамазан Қадыров видео түрінде жазылушыларына қайта жауап қайтарды.

Шешенстан басшысы айппұлды дүйсенбі күні төлейтінін айтты. Сондай-ақ, ол көлікте балаларға арналған орындық болу керектігі жөніндегі ережені білетінін де жазды.

“Қазіргі жағдайда біз видеоға түсу себебінен белдікті тақпауымызды түсіндіріп жатырмыз. Алайда бұлай ақталуға болмайды. Еске сала кетейін, жол жүру кезінде МАИ қызметкерлерінің айтқанына бағынамыз. Оның барлық талабын орындауға міндеттіміз”, – деді ол.

Талқылау