Көлік үшін бойжеткенді өлтірген қарағандылық 18 жылға бас бостандығынан айырылды

Сейсенбі, 17 Қараша , 2015 19:28

Қарағандыда BMW көлігі үшін бойжеткенді өлтірген 24 жастағы жігіт 18 жылын қатаң режімдегі колонияда өткізетін болды. Бұл туралы Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

wpid-tn_199830_12515f83a171

«2015 жылғы 17 қарашадағы сот үкімімен Сергей Конградтқа ҚР ҚК 99-бабы 8-тармағы 2-бөлігі, 192-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылып, мүлкін тәркілей отырып, қатаң режімдегі колонияда 18 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды», – деп хабарланды мамандандырылған қылмыстық сот баспасөз қызметінен.

Бұдан басқа, сот моральдық зиянның орнын толтыру туралы азаматтық талапарызды ішінара қанағаттандырды. С. Конгардт қаза тапқан бойжеткеннің анасына 2 млн. теңге, қаза тапқан ағасына 500 мың теңге төлеуі тиіс. Сондай-ақ жазасын өтеушіден 96 мың теңге мөлшерінде материалдық шығын өндіріп алынды, бұл ақшаны ол құрбанының сөмкесінен алған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Апелляциялық инстацияда шағымдануға немесе наразылық білдіруге болады.

Еске салсақ, Қарағандыда 17 шілдеде туыстары әлеуметтік желіде Ирина Шевченконың жоғалып кеткені жайлы хабарлама таратқан. Ол көлік сатып алушымен кездесу үшін BMW маркалы көлігін мініп кеткеннен кейін үйіне оралмаған.

Казинформ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар