Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда 17 жастағы жігіт суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

Көкшетаудың Зеренді ауданы тұрғыны 17 жастағы Темірлан Шәріпбаев суға батқан баланы аман алып қалды, деп жазады Қазақпарат.

9-сыныптан соң Азаматтық қорғаныс көп салалы колледжіне түскен Темірлан “Құтқарушы” мамандығы бойынша білім алған.

Оқиға болған сәтте Темірлан әкесімен телефон ақылы сөйлесіп келе жатқан. Баланың суға батқанын көріп, тұтқаны қоя сала көмекке асығады.

Әкесі телефонның ар жағынан оқиғаның у-шуын, адамдардың айқайлап жатқанын естіген.

“Көпірден өтіп бара жатқанымда төменде 8-9 жасар баланың суға батып бара жатқанын көрдім. Адамдар шуласып жатты. Жүгіріп бардым. Кейбіреулер арқан тастап жатты. Бала мұзды жарып суға бата бастаған. Мен мұзды жарып,балаға қарай бардым. Тағы бір ер адам көмектесіп баланы алып шықтық”, – деді Темірлан.

Екінші құтқарушы 25 жастағы жігіт. Аты-жөні белгісіз.

Темірланның өзі бұл істі азаматтық парыз деп санайды. Ал, тұрғындар көзсіз ерлік жасады деп қуанысты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау