Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Клинтон мұсылмандардың АҚШ-қа кіруіне тыйым салу бос сандырақ деп ойлайды

Клинтонның ойынша, мұсылман-америкалықтар «өздерінің бұл жерде құрметке ие екендіктерін» сезінулері тиіс.

10913745

Cурет associated press сайтынан алынды

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон сайлауға үміткер атанып отырған республикашыл Дональд Трампты сынға алды. Клинтон, терроризммен күресті желеу етіп, мұсылмандардың Америкаға кіруіне тыйым салу – құр даурықпа мәлімдеме деді.

«Мұсылман-америкалықтар біздің еліміз үшін аса маңызды тұлғалар екенін түсінуіміз керек. «Бұл жерде оларды құрметтейтінін», олар сезінулері тиіс», – деді ол АҚШ президенттігіне үміткерлер қатысқан теледебатта.

Сондай-ақ, ол терроризммен күресті екі бағытта – АҚШ-тың ішкі жағдайы және сыртқы саясаты бойынша қарастыру керек деп есептейді.

«Террористер ылаң салып жатқан аумақты бақылай алуымыз керек (Сирия мен Ирак). Экстремистермен соғыс жүргізіп жатқандарды, әсіресе, арабтар мен күрдтерді қолдау қажет», – деді Клинтон.

Еске сала кетсек, Хиллари Клинтон Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер атанып отыр.

Талқылау