Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кісі қолынан қаза тапқан жігіттің әжесі: Ату жазасының болмағаны өкінішті

Жаңаөзеннен қыдырып келіп, жазықсыз жанды жер жастандырған Абай Бимұқанов 19 жыл, ал Ернұр Аманов енді 16 жылын темір торда өткізуі тиіс. Бұл екеуінің қанды қылмысы бақылау камерасына түсіп қалып, кейін ол таспа ғаламторда тараған болатын. Айта кетейік, марқұмның артында жұбайы мен 2 жасар баласы қалды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

акп

Қожақанат Нұржановты он жерден пышақтап өлтіргендерге қатысты іске бір айда соңғы нүкте қойылып отыр. Істерін алқабилердің қарауын өтінген екеу басында кіналарын мойындамай, түлкібұлаңға салған. Тек, үкім шығар алдында сабаларына түсіп, кешірім сұрады. Дегенмен, бұл алқабилердің көңілін жібіте алған жоқ. Бұрын да адам пышақтап, осылай істі болған Абай Бимұқанов енді 19 жыл бостандық көрмейді. Ал қасындағы Ернұр Аманов 16 жылға кесілді. Әрі жәбірленуші тарапқа моральдық және материалдық шығынды бөліп төлеуі тиіс.

“Азаматтық талап бойынша Сәрсенбаеваның пайдасына 4 138 755 теңге мүліктік залалды және 2 000 000  моральдық залалды Бимұқанов пен Амановтан үлестік тәртіпте әрқайсысынан 3 054 378 теңге жәбірленушінің пайдасына өндірілсін”, – дейді судья Гүлмира Сейітқазиева.

Мұндай қатаң үкімді Бимұқанов пен Амановтың туыстары күтпесе керек. Ашуға булыққан олар, онсыз да ұлдарынан айырылып отырған отбасыны әбден қарғады. “Ату жазасы болмағаны өте өкінішті. Мен ризамын соттың үкіміне. Заң бойынша олар өз жазаларын алды”, – дейді марқұмның апасы Әсел Сәрсенбаева.

Еске салсақ, қанды оқиға ақпан айында болған. Кафенің алдында Қожақанат Нұржановқа қайта-қайта пышақ сұққылап жатқандардың әрекеті камераға түсіп қалған еді. Кейін тіпті әлеуметтік желілерге тарап, қызу талқыланған.

Осы іске қатысты қозғалған қылмыстық іс те әуелгіде біраз түсініспеушілік тудырған-ды. Өйткені, сол кезде күдіктілерге қылмыстық кодекстің бұзақылық және қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша айып тағылды. Тіпті олардың бірі кепілмен бостандыққа жіберілген. Кейін, жан-жаққа жазылған арыз-шағымнан соң қылмыстық іс ауыр бапқа қайта ауыстырылды.


Жіберіп алмаңыз:

Солтүстік Қазақстанда екі әйел зейнеткер әжейді соққыға жығып, тонап кеткен

Ақмолада оқушы қыз емтихан алдында өз-өзіне қол жұмсады

Алматыда жолаушылар автобусы таудағы көпірден сайға қарай құлап кетті

Атырауда 17 жастағы жеткіншектің 11 қылмысқа қатысы бар болып шықты

Талқылау