Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хабиб Нұрмағамедовты жеңген палуан Әзірбайжанда қайтыс болды (видео)

ММА-ның бұрынғы жауынгері, ережесіз жекпе-жек бойынша әлемнің экс-чемпионы Хамис Мамедов Әзірбайжанда қайтыс болды. Ресми мәлімет бойынша, оның өліміне өкпе артериясының тромбоэмболиясы себеп болған.

Хабиб Нұрмағамедовты жеңген жауынгер Әзірбайжанда қайтыс болды (видео)

Бұл туралы Modern.az порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мемлекеттің жастар және спорт министрлігінің мәліметінше, 34 жастағы спортшы таяуда суық тиіп, емделіп жүрген. Алайда организмінде қабыну процесі жүріп, салдарынан оның өліміне алып келді.

Sputnik Әзірбайжан мәліметіне сүйенсек, спортшының ағасы Хамистің өкпесіне суық тигізіп алғанын айтқан. Ол моншадан бірден суық ауаға шыққан екен. Жауынгердің жағдайы нашарлап кеткеннен кейін ол ауруханаға жатқызылыпты. Дәрігерлер оны аяққа тұрғызу үшін 10 күн жеткілікті деп жоспарлағанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Мамедов 2005-2006 жылдары Дағыстанда өткен жауынгерлік самбодан жарыстарда UFC-дің орта салмақ дәрежесіндегі чемпионы ресейлік Хабиб Нұрамағамедовты жеңгенімен танымал.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау