Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КешYOU тобына «Айгөлекті» жүргізген Назым келуі мүмкін

КешYOU тобының құрамына топтан кеткелі жатқан Ақбота Сейтмағамбеттің орнына тележүргізуші әрі әнші Назым Әбілдина келуі мүмкін.

keshyou-nazym

Бұл туралы «Жұлдыздар отбасы» басылымы хабарлады.

Ақбота Сейтмағамбеттің тұрмысқа шығып, топтан кететіні туралы хабар таратылған соң ел арасында «КешYOU тобының құрамына кім келеді?» деген сауал қызу талқыға түсті. Баз біреулер еліміздегі ең танымал қыздар тобынан тағы бір солист – Жұлдыз Өмірғали кетіп, екі қыздың орнына «Лашындағы» Сара мен Элизат қабылданады дегенді айтып жүр.

Ал сенімді дереккөзіне сүйенген басылым топқа «Айгөлек» бағдарламасының жүргізушісі әрі «Лүпіл» тобының әншісі Назым Әбілдина келуі мүмкін деп жазды. Ал Ақбота КешYOU-де биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін өнер көрсетеді.

Айта кетейік, аталмыш топ құрамы 11 жылдың ішінде 7 рет өзгерген болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Желіде Ақбота Сейтмағамбеттің күйеужігітінің суреттері пайда болды

Бет-аузы көгерген Айгүл Иманбаева жанкүйерлерін шошытып алды

Таиландта демалған Джуринская трансвеститтер шоуына барған (фото, видео)

Қайрат Нұртас: 18 жасымда болған махаббат қайта келмейтін шығар

Талқылау