Кенжебек: “Музартқа” алғаш келгенде ақтаулықтар белімізге қыстырған 2 мың долларды түгел мен алдым

Мақсат Базарбаев топтан кеткенде, Сәкен мен Мейрамбек “Музартқа” лайықты жігітті ұзақ іздеді. Жолда талай талантты жігіт кездесті. Алайда олардың бірі ашкөздік танытып, топқа келместен табысын сұрап, әлекке түскен. Бұл аралықта Майғазиев пен Бесбаев өзі кішіпейіл әрі қарапайым ауыл баласы Кенжебекті жолықтырды. Оның талантынан бөлек, адал азамат екенін байқап, топқа қосты.

музарт

Кенжебек Hit-TV арнасының “Кездер-ай” бағдарламасына сұхбат беріп, “Музартқа” алғаш келген кезін еске алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Музарт» тобына қосылу үшін оқуымды тастап келдім. Ең бірінші жазған әніміз – «Анаға сәлем» болды. Жазып жатырмыз. Қайрат Жәнібеков деген ағамыз болды, марқұм болып кетті. Сол кісінің студиясында жазып жатырмыз. Мейрамбек аға жазып бітті. Мен сәлден кейін жазайыншы деп едім, Сәкен аға кіріп кетті. Мейрамбек аға екеуміз сыртқа шығып кеттік. Сонда ол: «Кенжебек, қарашы! «Музартқа» келгендегі бірінші әнің ана туралы болып отыр. Анаң бір аунап жатқан шығар», – деді. Жүрегім елжіреп кетті. Мен ойламаған нәрсені, Мәкең ойлап тұр», – деп еске алады Кенжебек.

Біраз әндер жаздырған соң, Кенжебек топтағы ағаларымен бірге Ақтауға жол тартады. Онда тойда ән салып, қыруар қаржыға кенеледі. Мұндай жайтты ауылдан келген қарапайым жігіт күтпеген.

«Мәрияш және Қосай деген біздің көкелеріміз болатын. Ақтауда білесіздер, бөлек беретіні бар. Менің жаңадан келіп жатқан кезім. Бірнеше ән айттық. Анау келіп 100 доллар ұстатады, екіншісі келіп 10 мың теңге ұстатады. Ондай ақшаны біз көрмегенбіз. Сөйтті да Мейрамбек пен Сәкен ағамыз: «Кенжебек, топқа жаңа келуің ғой. Мә, сенің табысың мол болсын», – деді да бүкіл елдердің қыстырған ақшасын маған берді. Әңгіменің ашығы, санадым. 2 мың доллар берді. Бұл кісілердің маған деген мәрттігі. Бұл кісілердің маған деген көңілдерінің ақ екенін білдім да, ешқашан ақшаға санасқан емеспін. Не береді, соны алып жүре беремін. Тәубе етсең, Алла ақшаның берекесін арттырады”, – дейді Кенжебек.

Тағы оқыңыз:

Есболат Беделхан Black Dial тобынан кеткен рэперлерден 96 миллион теңге талап етті

20 минутта 1 млн теңге табатын қазақстандық әншілер салық төлеуден жалтарып жүр

70 жастағы шалды билеткен Нұржан Керменбаев желіні шулатты (видео)

Қазақ эстрадасын Мейрамбек Бесбаевтың басқаратыны рас па

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар