Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есболат Беделхан Black Dial тобынан кеткен рэперлерден 96 миллион теңге талап етті

Ақпан айында «Блэк дайл» тобындағы қос рэпермен қоштасқан Есболат Беделхан, ұжымның экс-мүшелері басшылыққа еш бағынбады деп отыр! Ал, бойзбендтен бөлек кеткен екі жігіт, продюсердің бұл пікірімен келіспейді. Олардың өз ақиқаты бар.

Есболат Беделхан Black Dial тобынан кеткен рэперлерден 96 миллион теңге талап етті

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Блэк дайл» құрамындағы рэперлер «ЭЛ» және «Тэдди-дің» продюсермен арадағы теке-тіресі осыдан бір жыл бұрын басталған. Өйткені, Есболат уәдесінде тұрмаған, ал жігіттер ресми құжатпен толықтай таныспай, келісімшартқа қол қойған. Сондай-ақ, еткен еңбектеріне қаламақы алмаған жігіттердің, тұрған пәтері де адам шошырлық хәлде.

“Бұлай жүре беруге болмайды. Бұл адамның құқығына нұқсан келтіру. Бұл моральдық тұрғыдан қарағанда қатты әсер етеді”, – дейді «Black Dial» тобының экс-мүшесі Ескелді Қуандық.

Осылайша жігіттер топтағы жұмысты тоқтатады. Бірақ, Беделханмен 7 жылдық келісімшартқа отырған бойзбендтің экс-мүшелеріне, бұрынғы басшыларының тарапынан қатаң талаптардың бар екені ескертіліпті. Яғни, Есболат құжаттағы межелі мерзім аяқталғанша, Ескелді мен Саматтың шоу-бизнеске араласуына шектеу қойған!

“Заң жүзінде олар бізбен келіспей ештеңе істемеу керек. Ал егер өз беттерімен, өз еріктерімен істей берсе, олар екі жақтан қол қойылған келісім шартты ары қарай бұзып жатыр деген сөз. Неғұрлым бұзған сайын, өздеріне қиын болады кейін”, – дейді Есболат Беделхан.

Тіпті продюсерлік орталық, тосыннан топтан кеткен жігіттерден 96 миллион теңге өтемақы талап еткен көрінеді.

“Қорқынышты бір үрейге ұшырадық. Ары қарай не істейміз? Мұны қалай төлейміз? Заңды ма? Біз білмедік қалай болатынын. Ата-анамызға ескерттік. Мындай нәрсе болып жатыр. Біздің сенген адамдарымыз, өкінішке орай 96 миллион теңге бізден айып сұрап жатыр дедік”, – дейді Ескелді Қуандық.

Бірақ, Ескелді мен Самат аталған айыппұлды төлеуге құлықты емес! Бүгінде адвокаттың көмегіне жүгінген жігіттер, сот процесін жеңіп шығатындарына сенімді. Оларға заңгерлер де тегін қызмет көрсетіп жатқан көрінеді.

“Көмек жасаймыз. Жігіттер келіп жолыққаннан кейін, қағаздарын қарағаннан кейін, біз өзіміз көмектесеміз деп, шешім қабылдадық”, – дейді заңгер Қанатбай Қашкенов.

Қос тарап жақын күндері сот залында кездесуді көздеп отыр. Тіпті, жігіттердің құқығын қорғайтын заңгер, Есболат Беделханның орталығына ұсыныс хат жолдағанымен, әлі күнге дейін жауап жоқ!

Тағы оқыңыз: 

Жеке кешін өткізетін Ерке Есмахан тыңдарманын қалай таңғалдырмақ

Қымбат Әбілда: Замираның бойында қазаққа тән аңғалдық, ақкөңілділік қасиеттер бар

Қытай шекарашылары ресейлік жұлдыз Лолитаны ер адаммен шатастырып алған

Әнші Луина төсін үлкейткенін айтып мақтанды

Талқылау