Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеке кешін өткізетін Ерке Есмахан тыңдарманын қалай таңғалдырмақ

Ерке Есмахан «Іңкәр» тобында жүргенімде ешкім мені білмеді деп, тыңдарманына аздап ренжулі.  Танымалдылық тұғырына қонғанына тек санаулы уақыт болғанын айтқан әнші, жеке кешін өткізуді жоспарлап жүр.

Ерке Есмахан

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Ерке Есмаханның қазақ эстрадасындағы жолын ашқан, дәл осы «Іңкәр» гелзбенді болатын. Алайда, бүгінде түрлі хиттерімен әйгілі бикеш, топ құрамында жүргенде жұрт мені елемейтін еді деген пікіріде.

1Менің Ерке екенімді мүмкін білген шығар, «Іңкәр» тобындағы Ерке деген қыз деп. Одан кейін менің Ерке Есмахан екенімді «Айша-бибі» клипінен кейін біліп бастады”, – дейді Ерке.

Тек жеке орындаушы ретінде танылған соңғы 5 жылда, өнердегі бағым жанды деген Ерке, айтулы датаға орай өзінің ән кешін өткізуді жоспарлап отыр.

“Енді бес жыл демесем де, мүмкін өнерде үлкен концерт беруім керек. Ол концерт мен үшін қымбат. Білмеймін, ол концерт менің ойымда, ол концертті көрем, армандап ұйықтар алдында”, – дейді Ерке.

Мансабындағы бұл маңызды қадамға бармас бұрын, Есмахан көп ойланған. Енді ғана Республика Сарайында концерт өткізуге өзін лайықты деп тапқан ол, өз кешінде фанограммасыз ән шырқауды көздейді.

“Көрерменнің тыңдағанын қалаймын. Үлкен оркестірмен, бәрі табиғи дауыспен. Өзімнің лирикалық әндерімді, одан қалды тойдың әндердін. Өзімнің репертуарымдағы барлық әндерді орындаймын”, – дейді Ерке Есмахан.

Ерке Есмаханның  ұсынар жағымды жаңалығы бұл ғана емес. Хит орындаушы жуық арада «атағын асқақтататын» кезекті туындысының тұсауын кеспек.

“Басқа әндерге ұқсамайды. Басқа бағытта, басқа тақырыпта. Бейнебаян өте ерекше. Түсірілімі бәрі болып қойды, қазір тек қана мені күтіп отыр. Мен көріп, әнімді тапсырып, сосын телеарналарға беруім керек”, – дейді Ерке Есмахан.

Тағы оқыңыз: 

Ғаділбек “Ханшайым” әнін әзілге айналдырып, жұртты күлдірді (видео)

Қазақ эстрадасын Мейрамбек Бесбаевтың басқаратыны рас па

Танымал продюсер Ресейде жатып, Павлодар билігін айыптаған Скриптонитті сынап тастады

Төсіңді жапшы: Мәдина Сәдуақасова ашық-шашық суретін жариялап, жұрттың ашуына тиді

Талқылау