Төсіңді жапшы: Мәдина Сәдуақасова ашық-шашық суретін жариялап, жұрттың ашуына тиді

Желі оқырмандары Мәдина Сәдуақасоваға не болғанын түсінбей дал! Әнші ашық-шашық қалыпта түскен суретін жариялап, желіні біраз шулатып алды. Осы уақытқа дейін жұрттан тек жағымды пікір естіп келген Мәдина тыңдармандарының қатал сынына ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Мәдина Сәдуақасова

“Әр адам әлемге әртүрлі көзқараспен қарайды және әр адамдікі дұрыс: оның мағынасы терең”, – деп Иоганн Гетенің цитаталық сөзін келтірген Мәдина осылайша өзінің ерекше көзқарасты екенін аңғартқысы келгендей.

Алайда желі оқырмандары әншінің жазбасына мән берместен, сынай жөнелді.

“Ұят болды, қазақ қызы деген атқа лайықты болып жүру керек еді, сенен көп жастар үлгі алады ғой”, “Құрдас, сен анасың, мынауың өте ұят, жағымсыз. Қазақтың қызысың, кеудеңді көрсетпесең де, сүйкімдісің”, “Тұрмыс құрған, баласы бар, төсін ашып алыпты. Елден, енеден ұят емес па?” – деп сынады тыңдармандар.

Айтпақшы, сурет фотошоппен өңделген болуы мүмкін деп болжаған кей жанкүйерлер әншіні орынсыз даттамауға шақырды.

“Мәдина бұлай жасамайды. Не болса да соңын күтейік, оның атын қаралау мақсатында әлдекімдер жариялаған шығар”, – дейді желі қолданушыларының бірі.

Тағы оқыңыз: 

Жұлдыз Әбдікәрімова ел алдына шыққан балаларының болашағына алаңдайтынын айтты

Белгілі КТА ойыншысы шаңырақ көтерді (фото)

Нұржан Керменбаевтың жары күйеуі гастрөлде жүргенде жалғызсырап қалатынын айтып, жылап қалды

Әйелің бар емес пе: Жанар Дұғалованы құшақтап алған Керменбаев қатал сынға ұшырады

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар