20 минутта 1 млн теңге табатын қазақстандық әншілер салық төлеуден жалтарып жүр

Елімізде шоу-бизнестің 2 мыңнан астам өкілі жеке кәсіпкер болып тіркеліпті. Ал, салықтан жалтарып, табысын жасырып жүргендері әлі де берешектерін қайтарар емес.

20 минутта 1 млн теңге табатын қазақстандық әншілер салық төлеуден жалтарып жүр

Небәрі 40 минутта екі миллпон теңгеден астам таза табыс табатын эстрада әншілері неге салық төлеуден қашқатайды? Олар неге ашық сұхбат беруден бас тартты? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Тойда дәуірі жүріп тұрған отандық шоу бизнес жұлдыздарының салық төлеуден қашатыны жайлы ақпараттар әлеуметтік желіде жиі талқыланады. Тіпті, осыдан бірнеше жыл бұрын мемлекеттік кірістер департаменті салықтан жалтарған өнерпаздардың тізімін жариялаған болатын. Оның ішіне Асхат Тарғын, Жанар Дұғалова, Бүркіт, Әлішер Кәрімов те кірген еді. Жұлдыздарды сан соқтырған мәліметтен кейін бе, көпшілігі салықты уақытылы төлеуге көшіпті. Бірақ бәрі емес.

«Біз басында түсіндіру жұмыстарын жүргізгенде, әншілерге 1 миллион теңге табатын болсаңыз, 30 мың теңге табыс салығы мен әлеуметтік төлейсіз деп түсіндіріп айтқан кезде, олар айтты, бұл деген ештеңе емес екен ғой деп шын мәнінде түсіндіру барысында түсінді» – дейді ҚР мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы Олжас Отар.

Бүгінде елімізде 2 337 шоу бизнес өкілдері жеке кәсіпкер болып тіркелген. 2017 жылы олар мемлекеттік қазынаға 64 миллон теңге дейін жеке табыс салығын аударыпты. Мәселен, танымал жұлдыздардың бірі Айқын Төлепберген басқаларды қайдам, өз басым «қарыздан адамын» дейді.

«Қазақстан азаматы ретінде мен салық төлеймін. Әнші ретінде де өз ИП-ым бар. ИП бойынша 10 миллион теңгеден 3%, сонда жылына 300 мың теңге налог төлеп тұрамын жыл сайын. Соңғы 3 жылда 1 миллион теңгеден салық төледім. Оған дейін де салық төленіп тұрды» – дейді әнші Айқын Төлепберген.

Салық төлейсіз бе деген сұраққа жауап алу үшін еліміздің бірнеше танымал жұлдыздарына хабарластық.

Айдана Меденова, Төреғали, Камшат Жолдыбаева, Мөлдір Әуелбекова, Ерке Есмахан уақыттары болмады ма, түсірілімге келісуден үзілді-кесілді бас тартты. Ал еліміздің еңбек сіңірген қайраткерінің бірі Маржан Арапбаева «салықтан қашпаймын» дейді.

«Қазіргі таңда концерттерде өте жақсы, гонорары да өте мықты. Әрине қазақтың тойы бітпесін деп тілейміз. Той да, концерт те жақсы ғой. Әрине бәрі заңды түрде, көптеген концерттік бағдарламаға қатысқаннан кейін оның барлығы перечисление дейміз ғой ИП, ТОО арқылы өткізіліп жатады. Ол жерде міндетті түрде салық төлейміз» – дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева.

Ғаламтор беттерінде жариялғанған ақпаратқа сәйкес, бүгінде ең қымбат әншілердің көш басында Төреғали Төрәлі тұр. Оның гонорары – 2 640 000 теңге құрайды. Ал Қайрат Нұртастың сыйақысы 2,5 миллион теңге! Ал қыздардың арасында ең көп табыс табатындардың бірі – Ерке Есмахан. Ол 40 минут ән салғаны үшін 2 000 000 теңге алады екен.

Осылайша, салық декларациясына сүйенсек, жұлдыздар әр тапқан табысының 3 %, ал патент негізінде жұмыс істесе 2% төлеуі қажет. Бірақ оны да елеп-ескеріп жатқандары шамалы. Ал ақын Талант Арынғалидің айтуынша, арнайы жүйе болмағандықтан әр тойдан нақты кімнің неше тапқаның білу мүмкін емес.

«Тойдан салық алу меніңше арнайы бір заңы, жүйесі болмаса, негізсіз шығады. Бізде көбіне өнер жұлдыздары ешқайда тіркелмеген ғой. Бізде ешқандай негіз жоқ қой. Ешқандай қолдау жоқ. Сосын әркім білгенін істейді. Білгенін істегеннен кейін әр түрлі жағдайлар туындайды» – дейді ақын Талант Арғынғали.

2017 жылдан бастап табысын жасырып, салық төлеуден жалтарған шоу-бизнес өкілдеріне қатысты заң күшейтілді. Олар енді арнайы ескертуден кейін, берешектерін төлемесе үлкен соммада айыппұл арқалайды. Ал оған да құлақ аспаса, банктік есепшоттары жабылып, шетелге шығуға тыйым салынды.

Тағы оқыңыз: 

Әнші Адам «А-студиолық» музыкантпен дуэт құрды

Қытай шекарашылары ресейлік жұлдыз Лолитаны ер адаммен шатастырып алған

Әнші Луина төсін үлкейткенін айтып мақтанды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар