Кентал мен Санда үш ай түсірген бейнебаяндарын таныстырды (видео)

Жұма, 29 Шілде , 2016 16:14

Кентал мен Санда үш айдан бері түсіріп жатқан “Өкініш” атты бейнебаяндарының тұсауын кесті. Аталған бейнебаянда ғашықтардың рөлін әншілердің өздері сомдайды.

image

Фото: instagram.com/kentalkz/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Кентал өзінің жаңа бейнебаянына режиссер белгі берген кезде бірден жылай алатын қыз іздеп жүргені туралы хабарлаған болатынбыз. Әнші көп уақыт өтпей-ақ іздегенін тауып, туындысына Дина есімді үш жасар қызды түсірген. Бейнебаян түсіріліп жатқан “Өкінішті” әнін Сандамен бірігіп орындайды. Басты рөлдерді де әншілердің өздері сомдайды.

Түсірілім жұмыстары таңғы жетіден кешкі жетіге дейін созылған уақыттар болған. Табиғи жаңбырдың астында түсіргендіктен, әншінің суықтап қалған. Тіпті ауруханаға баруға мәжбүр болған екен.

“Психологиялық әрі физикалық тұрғыдан оңай болмады. Таңғы сағат жетіден, кешкі жетіге дейін жүрдік. Бірақ біздің қолымыздан келді. Еңбегіміз еш кетпейді деген үміттемін. Ең бастысы, халық дұрыс қабылдап, жеткізбек болған ойымызды түсінеді деп үміттенемін. Отбасыларыңызға қамқор болыңыздар. Әр шаңыраққа тек бақыт тілеймін!” – дейді Кентал.

Бейнебаянды бірнеше сағат ішінде 10 мыңнан астам адам көріп оң бағасын берген. Ерке Есмахан да аталған әннің өзіне ерекше ұнағанын айтып жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Санда: 11 жыл араласпаған әкемді жуырда өзім іздеп бардым

Тұрмысқа шыққалы жүрген Санда құрбыларымен “қоштасты” (видео)

Санда тыңдармандарына ұнамай қалған бейнебаянын 150 долларға түсіргенін

Анна Седакова өзіне Кентал ұнайтынын айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар