Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кентал: Алғашқы табысыма жағармай құю бекетінде қол жеткіздім

Бүгінде нәпақасын шоу-бизнестен тауып жүрген Кентал кезінде жағармай құю бекетінде жұмыс істегенін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz.

kental

Әнші Гәкку арнасының «Ән–gimme» бағдарламасына сұхбат беріп, тыңдармандардан келген сан түрлі сауалдарға жауап берді. «Алғашқы табысыңызға қалай қол жеткіздіңіз?» деген сауалға Кентал: «Жағармай құю бекетінде жұмыс істеп ақша таптым. Көлік жүргізушілері көрсеткен қызметіме әртүрлі көлемде ақша беріп кететін», – деп жауап берді.

Одан бөлек сұхбат барысында әнші Сандамен ара-қатынасы жайында әңгімеледі.

«Сандамен доспыз. Жақын байланыста болуымыз мүмкін емес. Себебі Санданың жігіті бар және мен оны танимын», – деді ол. Одан кейін әнші өміріндегі қиын сәт жайлы айтып берді.

“Менің өмірімде қиын сәт “SuperStar” жобасы кезінде болды. Жалпы мен шығармашылық жолымды аталмыш байқаудан бастадым. Жоба аяқталған соң жарты жылдан кейін мені ешкім танымай қалды. «Жұлдыз ауруымен» ауырып қалған мен қайта жерге түстім. Ол кезде ауыр тиді. Бірақ меніңше, мұндай кезең әрбір әртістің өмірінде болуы тиіс. Ол құдды «шешек» ауруы сияқты. Онымен бір рет ауырған адам қайта жұқтырмайды”, – дейді Кентал.

Жіберіп алмаңыз: 

Оралда Еркенің концертін ұйымдастырушылар жарнамалық плакаттарды заңсыз таратқан

Асқар Жүнісбеков тыңдармандарымен қайта қауышты (видео)

Қырықбаеваның қызымен түскен фотосессиясы тыңдармандарын сүйсінтті (фото, видео)

Желі оқырмандары Айнұр Ілиясованы жүкті деп болжауда (фото)

Жұрт Кентал мен Санданың орындауындағы әнді «Алло»-ның көшірмесі деп сынады (видео)

Талқылау