Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел үйлену тойы мен күйеуінің жерлеу рәсімін қатар өткізді

Кенияда егде жастағы қалыңдық үйлену тойы күні күйеуінің жерлеу рәсімін өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото tuko.co.ke

Беатрис Муттони есімді кениялық әйел 6 сәуір күні 60 жастағы Мартин Гитариге тұрмысқа шығуы керек еді. Бірақ тойға аз уақыт қалғанда кенеттен ауырып қалған күйеу жігітке дәрігерлер ешқандай көмек көрсете алмаған. Ол 16 наурыз күні қайтыс болды.

Гитари мәйітханадан үйлену тойы өтуге тиіс шіркеуге жеткізілді. Қалыңдық олардың сүйіспеншілігіне деген  құрметпен жерлеу рәсімімен бірге үйлену тойын қатар өткізді. 

"Біз үйленгіміз келді, бірақ Жаратушы оны алып кетті. Бүгін  жерлеп жатып мен оған неке жүзігін тақтым", – деді ақ көйлек киген Муттони журналистерге берген сұхбатында.

Марқұмның ағасы Даниэль Гитака үйлену тойында марқұмның орнында оның есімімен аталған немересі Гитари тұрғанын айтты. Рәсім аяқталғаннан кейін Муттони балаға торт жегізіп, той күнін қолдауға келген туыстары мен достарының ортасында өткізді.

Талқылау