Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келл Брук: GGG-мен болған кездесуден мен көп нәрсені ұқтым

Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) соңғы қарсыласы Келл Брук (36-1, 25 КО) қазақстандықпен болған кездесудің өзі үшін өте пайдалы болғандығын мойындады.

16789239_388289404885829_4954829999589818368_n

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

Matchroomboxing.com сайтына берген сұхбатында Брук 27 мамыр күні Шеффилде (Ұлыбритания) Эррол Спенспен (21-0, 18 КО) болатын кездесуіне болжам жасады.

«Мен Спенсті жеңгім келеді. Одан соң қалған қарсыластарымды тізе бүктірсем ба деймін. Егер ол жігіт кезекті «алыптардың» бірі болса, онда бұл жолғы кездесу бокс жанкүйерлерінің көңілінен шығатын айқас болады. Өйткені мен осы жолы сойқан саламын. Мен GGG кездесуінен көп нәрсені ұқтым. Ол кезде оны алдым қойып, еш қимылсыз қарап тұрыппын. Мен 147 фунтта ең үлкен, ең жылдам әрі ең мықты боксшымын. Сондықтан мен ендігі жолы бәрін ықтырамын»,-деп мәлімдеді Брук.

Айта кетейік, Головкин мен Брук 10 қыркүйек күні Лондонда кездесті. Геннадий бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Британиялық боксшының бапкері Доминик Ингл шаршы алаңға сүлгі лақтырды. Өйткені оның тәлімгерінің денсаулығына айтарлықтай қатер төнген еді.


Жіберіп алмаңыз:

Головкин: Мен үшін қолдауларыңыздың орны ерекше

Абель Санчес: Головкин – машина емес

Головкин қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Сондерс: Головкинді өз елінде “масқара” етуге дайынмын

Талқылау