Келіншек бала тумағаны үшін күйеуінен таяқ жеп жүргенін айтты

Қазақстандық келіншек қиын тағдыры туралы айтып берді. Күйеуі бала туып бермегені үшін қол көтерген екен. Ақырында екінші әйел алатынын айтқан. Бұл ұсынысқа келіспеген Нәзира ханым (есімі өзгертілді) үйіне кетіп қалған.

0ждз

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

«Қазір 28 жастамын. Осы уақытқа дейін басымнан өткен өмірім жайлы айтып бергім келеді. Өзім 24 жасымда тұрмысқа шыққанмын. Күйеуіммен телефон арқылы сөйлесіп жүріп таныстым. Алты жыл бойы сөйлесіп араласып жүрдік. Мен жақ қыз ұзату жасады. Бірақ жігіт жақтың тойы болмады. Содан 6 айдан кейін бала көтердім. Бірақ, қатты ауырып, ауруханаға түсіп қалдым. Денсаулығым сыр берген соң, дәрігерлер баланы алып тастады. Осы жағдайдан кейін бала көтере алмай қалдым. Көп емделдім. Еш нәтиже болмады. Күйеуім «Сен бала таба алмайтын бедеусің» деп түрлі ауыр сөздер айтты. Тіпті, бір-екі рет қол көтерді. Күнде ұрыс-керіс болып, өмірім тозаққа айналды.

Күнде жылай бердім. Адам танымастай болып тозып кеттім. Бір күні бала туа алатын әйел алғысы келетінін айтты. «Келіссең қал, келіспесең кете бер! Сені ұстамаймын!» деді. Осылайша бөлек кетуді жөн көрген болатынмын. Одан кетіп жалғыз өзім өмір сүрдім. Бірақ, сол кезде қатты қиналып, күні-түні жыладым. Тіпті, депрессияға түстім. Ешкімді көргім келмейтін. Ештеңеге қызықпай, мүлдем тамақ ішуден қалдым. Өзіме қол салғым келетін. Бірақ, ата-анам мен туғандарымның арқасында бұл сынақтан өттім.

Жұмыс істедім. Өз-өзіме қарай бастадым. Оны ұмытып жаңа өмір бастағым келді. Бұрынғы күйеуім араға бір жыл салып өзінен көп жас үлкен әйелді алды. Келіншектің бір баласы бар еді. Былтыр күйеуіме бір ұл туып берді. Менің де отбасылы болғаныма 6 ай болды. Күйеуім өте жақсы азамат. Мені шын жақсы көреді, сыйлайды. Мен де оны сүйемін. Онымен бақыттымын. Бірақ, мендегі бар мәселе – бала көтере алмауым. Алладан күнде тілеймін. Үмітімізді де үзбейміз. Мен Аллаға сенемін. Ол маған міндетті түрде ана бақытын, әйел бақытын сыйлайды», – дейді Нәзира Бәзілжанова.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келіншек күйеуіне “бұйырмаған” қыздық пердесін хирургиялық жолмен алдырмақ

Үш дипломы болса да, еден жуып жүрген бойжеткен назын айтты

Шымкенттік әйел күйеуінің басын “айналдырып” алған құрбысы туралы айтты

Алматылық ару: Пәк болмағаным үшін қорлық көріп келемін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар