Синоптиктер мамыр айында ауа райы қандай болатынын айтты

“Қазгидромет” РМК инженер-синоптигі Сәуле Смағұлова мамыр айында ауа райы қандай болатынын айтып берді.

"Қазгидромет" мамыр айында ауа райы қандай болатынын айтты

«Мамыр айында циклондар мен антициклондардың жиі ауысуы салдарынан суық және жылы толқындардың алмасуы орын алады. Айдың бас кезінде еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы суық әрі жаңбырлы болады деп күтілуде. Сонымен қатар жел күшейіп, найзағай ойнайды. Тек батыс пен оңтүстік батыста көбіне күн жылы болады. Себебі жылы ауа массалары басым түседі», – дейді Сәуле Смағұлова.

Синоптиктің болжамынша, көктемнің соңғы айындағы алғашқы онкүндіктің ортасында күн салқындайды.

Мамырдың ортасы мен соңында ауа температурасы төмендеп, суықтың екі толқыны жүріп өтеді деп болжануда. Ал солтүстік өңірде үсік жүруі мүмкін. Оған  арктикалық теңіздер айдынынан суық ауа массаларының енуі себеп.

«Жалпы, мамырда еліміздің оңтүстік-батысында ауа температурасы нормадан бір градус жоғары болады. Ал солтүстік-шығысы өңірде орташа, нормаға жуық және төмен болады деп күтілуде», – дейді синоптик.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде жас босанған ана сәбиінің шетінегеніне министрлікті кінәлап отыр

Жағасын түзеуді жарты жыл үйренген: Сал ауруына шалдыққан бойжеткен билеуді қалай үйренгенін айтып берді (фото)

Қазақстандағы АҚШ елшісі «Қара жорға» биін биледі (видео)

БҚО-да қатты дауыл салдарынан аурухана мен мектеп ғимараттарының шатыры ұшып, бірнеше адам зардап шекті (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар