Қазақтың халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловқа сот үкімі шықты
“Феникс” фильмінің продюсері Тұңғышбай Жамақұловқа 69 миллион теңге жымқырды деген айып тағылған.
Бұл туралы Sputnik хабаралйды.
Алматының №2 Медеу аудандық сотында “Феникс” фильмініне бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқырды және жымқыруға көмектесті деген айып тағылған түсірілім тобының мүшелеріне шығарылған үкім жарияланды.
Істің басты фигуранттары — танымал актер және продюсер Тұңғышбай Жаманқұлов, фильм режиссері Талғат Жәнібеков, “Қазақфильм” АҚ экономика және қаржы бойынша атқарушы директоры Гауһар Искакова. Оларға бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иеленді және талан таражға салды деген айып тағылды. Сот Тұңғышбай Жаманқұловты айыпты деп танып, 7 жылға шартты түрде соттады. Рақымшылық туралы заңғай байланысты, Жаманқұловтың жаза мерзімі екі есе – 3,5 жылға дейін қысқартылды.
Сонымен қатар сот, Жаманқұловтан мәдениет және спорт министрлігінің пайдасына 3,4 миллион теңге өндіруге қаулы етті. Талғат Жәнібеков 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, тағайындалған жаза шартты деп есептеледі. Сот оны сот залынан босатып, мәдениет және спорт министрлігінің пайдасына 3,4 миллион теңгеден астам сома өндіруге қаулы етті. Гауһар Ысқақова бір жылға шартты түрде сотталды. Ол сот залында қамаудан босатылды.
Естеріңізде болса, Тұңғышбай Жаманқұлов ақша жымқырды деген айыппен ұсталған болатын. Актер өз кінәсін толықтай мойындап, кеткен шығынды өтеуге уәде еткен. Осының алдында ол президентке видео үндеу жолдап, араша түсуін сұраған еді. Жаманқұлов ақша жымқыру дерегін және оның өз жеке басына жұмсалғанын мойындаған. Сондай-ақ, ол өзін қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш те түсірген. Одан кейін танымал актер ұрланған 6 миллион теңгені мемлекетке қайтарып берді.
Тағы да оқыңыз:
Ілияс Жансүгіровтың үлкен ұлы қалай өмір сүруде
Зұлмат жылдары қазақтың қандай әндері мен күйлері сотталған?