Қазақты масқаралаған Борат фильмінің актеры Қазақстанға көшіп келетіні рас па

Дүйсенбі, 14 Наурыз , 2016 15:41

Аты шулы «Борат» фильмінің актеры Саша Барон Коэнды қазақстандықтар ғана емес, отандастары ағылшындықтар да жақтыра қоймайды. Жақында британық саясаткер Остин Митчелл актерды «нөмір бірінші жауымыз» деп атаған.

borat

Бұл туралы ztb.kz хабарлайды.

Остин Митчел Коэнге Қазақстанды «Борат» фильмі арқылы әлемге танытқаны үшін Қазақстанға көшіп баруына кеңес берді.

Британдық актер Саша Барон Коэн өзінің төрт образы арқылы танылды. Олар: ойда құрастырылып түсірілген Ист-Ленда рэпері Али Джи, Бруно, Борат және  Африка мемлекетінің диктаторы Вадии Хаффаз Аладин жайлы образдары.

detail_c2d0488f1134b0ee2dd20f796dbcab3c

“Братьях из Гримсби” фильмі Коэн қоқыс қалада өмір сүретін маскүнем жандар жайлы.

Ал, «Борат» фильмінде актер Борат Сагадиев атты қазақ журналисінің рөлін сомдаған. Оқиға желісінде ол «Әлем елінің алып мемлекеті» репортажын жасау үішн АҚШ-қа аттанбақ болады. Алайда, теледидардан «Спасатели Малибу» фильмін көріп қалып, өзінің Памел Андерсонға үйлену керектігін түсінеді. Сосын оны іздеп Америка арқылы Калифорнияға сапар шегеді.

Фильм 2006 жылы жарық көрген соң киносыншылардың сынына ұшарады. Ал, актер Барон Коэн «Ең үздік ер адам рөлін сомдағаны үшін» «Алтын глобус» жүлдесімен марапатталды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға «Борат» фильмінің комедия түрінде түсірілгенін айтты. Оның үстіне, осы фильмнен кейін елімізге келуші туристер саны артқан екен.

«Фильм актеры ешқашан Қазақстанда болмаған. Кино кедей румын ауылында түсірілген. Ал, басты рөлде қазақ емес, сыған ұлтының актеры ойнаған және маскүнем қазақтарды Америка студенттері сомдаған», – деп атап өткен болатын елбасы.

Ал, актердың өзі әлеуметтік желілердегі ешқандай қарсы пікірлерге кұлақ аспай, өзінің кезекті фильмдерін жарнамалай берді.

12750012_1697144393897045_1604988484_n

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Қайдағы жоқ маймылдарды елімізге кіргізе берсек не болады!?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар