Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның қай өңірінде қай мамандықтардың жалақысы жоғары

Қазақстанда ең жоғары жалақыны Маңғыстау облысының тұрғындары алады.

5c6365941ebff1d614a42fc95e2

Қазақстан бойынша ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, елімізде ең жоғары жалақыны қаржыгерлер алады.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 315,3 мың теңге  (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 253,2 мың теңге (1,7 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 222,4 мың теңге (1,5 есеге асты), өнеркәсіп саласында – 202,3 мың теңге (1,3 есеге асты), құрылыс саласында – 184,9 мың теңге (1,2 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 88,3 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 41,1%-ға төмен.

2017 жылғы 2 тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 149 951 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 104,4%, ал нақты жалақы индексі 97,1% құрады.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында белгіленді – 253,9 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 103,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,3%-ға төмен.

Тағы да оқыңыз:

Талқылау