Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полицейлері дүңгіршектегі шабуылдан зардап шеккен қызды іздеп жатыр

Полицейлер дүкенге жасалған шабуыл салдарынан зардап шеккен қыз бен оқиға куәгерлерін іздестіруде.

12869010

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Еске сала кетейік, оқиға 2017 жылы 9 сәуірде Алматыдағы “Орбита-2” шағын ауданында Науаи көшесі бойындағы “Сказка” аялдамасы маңында болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, мас ер адам бейтаныс қызға тиісіп, араша түскен сатушыны ұрып-соғып, дүкенді қиратып кетеді.

Оқиғадан соң “Азаматтық патруль” қозғалысының белсендісі видео түсірген, жазбада әйел адам болған оқиғаны әңгімелеп береді.

“Мас ер адам сауда жасап тұрған қызға жақындап, балағаттап, тіл тигізе бастайды. Сатушы қызға араша түседі. Содан соң әлгі мас кірпішпен сатушыны сабай бастайды, кейін дүкенге басып кіріп, астаң-кестеңін шығарды… Біз полиция шақырдық, қазір жедел жәрдем келеді”, — дейді оқиға куәгері.

Полицияда куәгердің бейнежазбасы болғанына қарамастан, кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін тергеушілер әлі нақты айта алмай отыр.

“Әлгі адам өзін сабап кеткенін, ешкімге тиіспегенін айтады”, — дейді азаматтық патруль мүшелері Facebook парақшасында.

Алматы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір полиция оқиғаның кездейсоқ куәгерлерін іздестіруде.

“Сатушы араша түскен қызды, жігіттерді ажыратып, полиция шақырған адамдарды табу аса маңызды”, — дейді белсенділер.

Сотқа дейінгі тергеу амалдарын Бостандық ауданы ІІБ тергеушісі Руслан Тоқабаев жүргізуде (кезекші бөлім телефоны 254-47-02, 254-47-47).

Тағы да оқыңыз:

Журналист ноутбугын сенатордың басына құлатып алды (видео)

Нұрәлі Әлиев ҚР Альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясын басқарады

Ақтөбеде бала-бақшада 7 жерінен тістеп тастаған қыздың ата-анасы прокуратураға шағымданбақ

Талқылау