Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлия Мергенбаева “Әлем аруы” байқауында домбырамен өнер көрсетеді

«Қазақстан Аруы» Әлия Мергенбаева «Әлем аруы-2016» байқауына дайындалып жатыр. АҚШ астанасы Вашингтонда өтетін сұлулық байқауына Әлия Атырауда хореограф Анна Шульгамен бірге жаттығуда. Әлия АҚШ төрінде домбыраның сүйемелдеуімен би билемек.

ysvqBVSjUhI

2015 жылы «Қазақстан аруы» атанған Әлия сұлулық әлеміндегі мансабын мектеп кезінде бастаған. Ақтау мектебінің сұлуы танылған бойжеткен кейіннен облыстық байқауда топ жарды. Ақырында Қазақстанның ең сұлу бойжеткені атағына ие болды. Өз сөзінде Әлия ешқашан кітап оқымайтынын айтса да, әділ қазылар алқасы бас жүлдені ақтаулық қызға берді. Кейіннен оның кітап оқымауының себебі анықталды. Мұнай компаниясында зертханашы болып қызмет атқаратын анасы жұмысқа кеткен кезде Әлия екі інісі мен бір сіңлісіне, сондай-ақ, ағасына қамқор болған. Ас әзірлеп, көп уақытын үй шаруасына арнаған, деп хабарлады Экспресс-К.

38bdc33dc9fa0ebb02d374c56f8381a3

Айта кетейік, ұлттық байқауда қол жеткізген жүлдесінің бір миллионын Әлия қайырымдылыққа жұмсады. Қазақстанның ең сұлу бойжеткенінің жүрегі бос емес, сүйіктісі бар. Ғашықтар бірнеше жылдан бері кездесіп жүрген көрінеді.

«Әлем аруы» байқауында Әлия киіп шығатын көйлекті ақтаулық дизайнер Гаухар Әмірова тігіп жатыр. Ал танымал фотограф Марета Келигова Әлияның арнайы фотосессиясын ұйымдастырды. Желіге жүктелген қыздың суреттеріне көпшілік жоғары баға берді. Ал шетелдік желі қолданушылары қазақ қызының мінсіз түр-келбетіне қайран қалғандарын жасырмады.

5546357812fdaecc954c77e22c7f2ca5

Әлия Мергембаева ақылына көркі сай талантты қыз, кең жүрек иесі. Сұлу қыздың даусы да ерекше. Жуырда ол аутист-балалардың концертіне қатысып қайтты. Жеткіншектермен бірге біраз уақыт өткізген Әлия қоштасар сәтте көзіне жас алды. Бұдан бөлек, Әлия қазақтың салт-дәстүрлерін жақсы біледі. Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студия» бағдарламасында тележүргізушінің «Келін қаншада тұру керек? 6 әлде 6.01?» – деген сауалына алғашқыда не деп жауап берерін білмеген Әлия кейіннен келіндік міндетін атқару үшін кез келген уақытта тұруға дайын екенін мәлім етті.

Алан Исаев

f1a3fb2b2d524e9187cf8cc42e71d96b

d27a7869a19c1953145ba993de469b25

wVDgz7ERNJw

Жіберіп алмаңыз:

Павлодардағы сұлулық байқауында жеңген қыз Абайдың 150 өлеңін жатқа біледі (фото)

Қарағандылық ару Майамиде өтетін сұлулық байқауына қатысады (фото)

Қазақстанда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі арулардың сұлулық байқауы өткізіледі

“Қарағанды аруы” Қытайда өтетін сұлулық байқауына қатысады (фото)

Талқылау