Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодардағы сұлулық байқауында жеңген қыз Абайдың 150 өлеңін жатқа біледі (фото)

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Чигиринов мектебінің түлегі 19 жастағы Сәния Темірханова облыстық “Сен сұлу” сұлулық байқауының жеңімпазы атанды.

954478bd6daa5b5db46c1d6434b41309

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Сәния Темірханова – өткен жылдың желтоқсан айында өңірлік сұлулық байқауында бас жүлдеге ие болған еді. Қазір Сәния Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында үшінші курста оқиды, болашағын журналистикамен байланыстырғысы келеді. Сұлу әрі парасатты қыз Абай Құнанбаевтың 150 өлеңін жатқа біледі екен.

7124478e90bfd2a4b11c14bc0a328864

Байқауда ПМПИ-дың тағы бір студенті – Айжан Ғазизова бірінші орынды иеленіп, “Lounge-bar karaoke CAMELOT” атынан 100 мың теңгелік сертификатқа ие болды. Музыкалық мектептің түлегі домбыра мен фортепианода шебер ойнайды және төрт тілді жетік меңгерген.

Екінші орын Аида Байтеміроваға берілді. С.Торайғыров атындағы ПМУ Машина жасау факультетінің 20 жастағы студенті бимен және спортпен айналысады. Байқау кезінде Қайыржан есімді жас жігіт Аидаға сезімін білдіріп, үлкен аю мен гүл шоғын сыйлады.

a6a1f0ee362ad74a64001444c8fd6d0d

Сайыстың ең жас қатысушысы – 14 жастағы Лилия Иванова үшінші орынға тұрақтады. Черноярск мектебінің оқушысы өзінің жан-жақты, жаңалыққа жаны құмар жан екенін көрсетті. Көрермендер көзайымы аталымында “RosModel” модельдік агенттігінің оқушысы Камила Жапарова лайық деп танылды.

Талқылау