Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық ару Майамиде өтетін сұлулық байқауына қатысады (фото)

Карағандылық ару Сәбина Смағұлова АҚШ-та өтетін сұлулық байқауында қазақ қыздарының намысын қорғайды.

f3877.21319.big

Ол өткен аптада елімізде өткен «Miss KZ Nation» байқауында топ жарған болатын. Қазылар алқасы бірауыздан дауыстарын Сәбинаға берген еді. Сәбинаның айтуынша, ол өзіне деген сенімділігінің және өзін-өзі көрсете алғандығының арқасында жеңіске жеткен, деп хабарлады nv.kz.

«Әділ-қазылар менің подиумнан сенімді түрде жүріп өткеніме баса назар аударған шығар. Әрі мен Go-go биінің элементтерін қосып, ипровизациялық би биледім. Ол оңай нәрсе емес. Менің биімде елдің бәрі қайталайтын қимылдар болған жоқ, бәрін өзім ойластырдым», – дейді жеңімпаз.

IMG-20160914-WA0013-300x293

Сәбинаның өзге қатысушылардан тағы бір артықшылығы – модельдік кәсіптегі екі жылдық тәжірибесі. Бұған дейін де қарағандылық ару әртүрлі сұлулық байқауларына қатысып, бірнеше аталымға ие болған. Мәселен, Алматыда өткен «Fashion House International» байқауында ол «үздік фото-модель» атанды. Сәбина аталмыш байқаудағы қарсыластарының мықты болғандығын және жеңіске жететініне сенімді болмағанын мәлімдеді.

f3877.21321.big

«Қазір спорт залға барып жүрмін, дұрыс тамақтануға көп көңіл бөлемін. Ағылшын тілін тереңінен меңгеруім қажет, себебі әлемдік тілді онша жақсы білмеймін. Жаңа сөздер жаттауға тиіспін. Халықаралық байқауда да ерекше шығармашылық нөмір даярласам деймін, бірақ әзірге ойымда ештеңе жоқ», – деді Сәбина.

f3877.21324.big

Қарағандылық ару американдық қарсыластарымен достасқысы келеді. Айтуынша, Қазақстанда сұлулық байқауының қатысушылары бір-біріне жылы көзқараспен қарайды. Ал Сәбинаның басты мақсаты – өзге елде ел намысын лайықты түрде қорғау.

f3877.21320.big

f3877.21322.big

f3877.21318.big

03cbc6d7ae8074044321fa50620347ba

08077747b2b46b936bf8c07a7a48f158

Жіберіп алмаңыз: 

Шоу бизнестегі жұлдыздар келіндік міндеттерін қалай атқарып жүр (фото, видео)

Әлемдегі ең тартымды әйелдерді анықтады (фото)

14 баланың анасы стриптиз көрсетіп, порно фильмдерге түскеніне өкінеді (фото)

Талқылау