Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бірқатар аймақтарында қар аралас жаңбыр күтілуде

Қазақстанда 17-19 мамыр аралығында кейбір аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Бұл туралы “Қазгидромет” орталығы хабарлады.

preview-image

Сурет kazpravda.kz

“Жауын-шашын, кей жерлерде сулы қар туындатқан, суық атмосфералық фронт, солтүстік облыстардан оңтүстік-шығысқа қарай жылжып келеді. Алдағы тәуліктерде осы фронттарға байланысты республиканың орталық аудандарына жауын-шашын жауып, шығысына екі тәулік бойы – арты сулы қарға ауысатын, жауын-шашын түседі” – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, суық фронттың өтуіне қарай, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында – жаңбыр, таулы аудандарының оңтүстік-шығысында – қатты жауын күтілуде.

“Ал республиканың солтүстік аудандарына Батыс Сібір аумағынан суық антициклон жылжып келеді. Соған байланысты ол жерлерде түнгі уақытта үсік сақталып, ол облыстың орталығы мен шығысына жайылатын болады, сондықтан алдағы үш тәулікте осы облыстардағы температура әдеттегіден 2-6º төмен болады” – дейді синоптиктер.

Талқылау