Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы қауіпті екі банкте сақталған

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы қауіпті екі банкте сақталған.

Қазақстандықтардың миллиардтаған зейнетақы жинағы RBK Bank-те сақталған.

«RBK банкінде 49 млрд зейнетақы жинақ бар. Бірақ бұл ақшаларды қайтармайды деген қауіп жоқ. Олар қалыпты қызметін көрсете береді. “Казинвест” пен Delta банкінде мерзімі өткен зейнетақы жинағы жоқ. Яғни,  лицензияға дейін төленген», – дейді БЖЗҚ АҚ басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева.

RBK – Қазақстандағы ірі банктердің бірі. Актив көлемі бойынша елімізде 9-орында. Бұл банк қазан айында шығынға ұшырады. Сонымен қатар Ұлттық банк Delta Bank-тен лицензиясын қайтарып алды.

Былтыр Ұлттық банк “Казинвестбанк” банкінің лицензиясынан айрылғанын мәлімдеген еді.

2014 жылы БЗЖҚ Әзірбайжанның халықаралық банкіне 71 млрд ақша құйған. Биыл ол банк банкротқа ұшырады.

Банк қарызы Әзірбайжан елінің маңызды құжаттарымен 15 жылға айырбасталып, 3 пайызбен беріледі. Бұл дегеніңіз қазақстандықтардың жинағындағы 71,3 млрд теңге өзге елдің экономикасына құйылды деген сөз.

Тағы да оқыңыз:

Денсаулық сақтау министрлігі ескертеді: Тұмауға қарсы дәрілер адамды есінен адастырады

Алматы тұрғыны ХҚКО-да егіз баланы босана жаздады

Оралда жаңа туған баласын құрылыс алаңына лақтырып кеткен келіншекке үкім шықты

Талқылау