Алматы тұрғыны ХҚКО-да егіз баланы босана жаздады

Бейсенбі, 23 Қараша , 2017 17:16

Егіз балаға жүкті алматылық әйел Халыққа қызмет көрсету орталығында босана жаздады.

Бұл туралы «Азаматтық үкімет» мемлекеттік ұйымымен байланысты департамент жетекшісі Мұрат Жұманбай айтты.

«7 қараша күні Әлия Алтуняй ХҚКО-ға құжат рәсімдеу үшін барады. Талон алғанша толғағы басталған. Орталық қызметкерлері тез арада жедел-жәрдем шақырады. Дәрігерлер келгенде әйелден су кете бастады. Ол перзентханаға жеткен бойда егіз баланы босанды», – деп жазды Мұрат Жұманбай Facebook желісінде.

Мемлекеттік корпорация ұйымы жүкті әйелден жақсы хабар күтіп, перзентханадан шыққан күні кұттықтап барды. Бақытты ана егіз қыздарына Эда мен Эдеф деген есім бергендерін айтты. Олардан үлкен Әли есімді ұлы бар.

Қыздарына ерекше есім берген ата-ана оның мағынасын ұлтына байланысты деп түсіндірді. Қыздардың әкесінің ұлты түрік. Түрік тілінен аударғанда бұл «мейрімді», «сабырлы» деген мағына береді екен.

«Анасы мен қыздарының жағдайы жақсы. Тіпті, бүгін Әлия есеп орталығына барып жәрдемақы құжаттарын рәсімдеді. «Азаматтық үкімет» мемлекеттік корпорациясы Әлия Алтуняйды құттықтап, деніне саулық, отбасылық бақыт тілейді», – деп жазды Жұманбай.

Тағы да оқыңыз:

Оралда ер адам 4 жасар баланы анасының көзінше ұрлап кетпек болды

Ер адам төсек қатынасымен көп айналысып бір көзі көрмей қалды

Бұл не деген сұмдық?: ОҚО әкімі көшедегі 18 дәретхананы көріп шошыды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар