Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар жылдың ең әдемі жұлдыз ағынын тамашалай алатын болды

Қазақстандықтар 9 тамыздан бастап 19 тамызға дейін жылдың ең әдемі жұлдыз ағынын тамашалай алады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандықтар жылдың ең әдемі жұлдыз ағынын тамашалай алатын болды

Жұлдыз ағынын 9 тамыздан бастап көрінеді. Ол бірнеше күн бойы жалғасады және тамыздың 13-і түнде өз шыңына жетеді.

Тұрғындар бүгіннен бастап сағатына 50-70-тен аса жұлдызды көре алады.

Бұл күндері Кассиопия, Жираф және Перес шоқжұлдызынан аққан метеоридтер Жерге құлайды.

Ғалымдардың пікірінше, осы күндері жұлдыздар әдеттегіден ерекше жарқырайды. Әсіресе ауа-райы қолайлы аймақта тұратындардың жолы болды. Олар жұлдыздардың аққанын еш қиындықсыз тамашалай алады.

Талқылау