Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Ыстамбұлдағы жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтты

Қанды оқиғаны көзбен көргендердің арасында жерлестерімізде болған. Олар Ыстамбұл әуежайында болған қазақстандықтар жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтты Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

1453945328

Осы оқиғаға байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президентіне көңіл айтып, жеделхат жолдады. Президент онда күллі мұсылман халқы үшін қасиетті айда әдейі жасалған лаңкестік әрекеттің ешкімді бей-жай қалдырмағанын жеткізген. Айта кетейік, бұл жарылыстан зардап шеккендер арасында отандастарымыз жоқ.

Жойқын жарылыс кезінде әуежайда отандастарымыз да болған. Дәл сол сәтте жүк терминалының өзінде Болгарияға Ыстамбұл арқылы ұшпақ болған 26 қазақстандық отырған. Бір сәтте астаң-кестеңі шыққан ғимараттың өзге залдарында да жерлестеріміз қаннен-қаперсіз жүріпті. Демалуға барамын деп, жарылысқа куә болған отандастарымыздың бірі – Әсел Өмірбаева.

“Бірінші жарылыс қатты болды. Терезелердің күл-талқаны шығып, жарықшақтары адамдарға тиді”, – деді Әсел Өмірбаева.

Ал жарылыстан кейін 1 сағатқа дейін ешқандай көмек көрсетілмепті. Әуежайдан да сағаттар бойы шыға алмаған.

“Бізді төлқұжат тексеру аумағында 4 сағат ұстап отырды. 4 сағат күтіп отырдық. 1 сағаттан кейін бізге су беру басталды. Талып қалған адамдар өте көп болды”, – деді Әсел Өмірбаева.

Ыстамбұлдағы отандастарымыз қазір көшеге шығуға жүрексініп қалғандарын айтады. Ал Болгарияға беттеген қазақ жолаушылары бірнеше сағатқа кешігіп, ақыры діттеген жерлеріне жеткен. Жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Елімізде осы оқиғадан кейін Түркия сапарынан бас тартып жатқандар да байқалмайды. Керісінше, жұрт туристік агенттіктерге барып, Қара теңіз жағалауына жолдама алып жатыр.

“Бұл жағдай демалыстан бас тарту үшін кедергі емес. Мұндай жарылыс Еуропада да, Америкада да ұйымдастырылуы мүмкін. Егер қорқатындар болса шет елге шықпай, үйлерінде отырсын”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Данияр Хасанов.

Бүгін Қазақстан бойынша 50-ге жуық адам ғана демалыс бағытын өзгерткен. Ал еліміздегі туристік агенттіктер жағдайдан секем алып қалғандарға жолдама ақшасын толығымен қайтарып беруге дайын.

“Түркия сапарынан қорқып қалғандар болса, жолдаманы сатып алған агенттігіне барлық құжаттарын алып барып, арыз жазуы керек.Әр клиенттен түскен шағымды жеке-жеке қараймыз.”, – деді Қазақстан туристік агенттіктері қауымдастығының президенті Әсел Нұркебаева.

Дегенмен, туристік агенттіктер де Түркиядан бас тартуға еш негіз жоқ деп отыр.

Оқи отырыңыздар:

Эйр Астана Түркияға ұшудан бас тартқан жолаушыларға ақшаларын қайтарып бермек

«Эйр Астана» ұшағы Ыстамбұлдан теракті болардан 5 минут бұрын ұшып кеткен

Талқылау