Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыздарымсыз қалудан қорқам: Бес баласынан айырылған ананың оқиғаға дейін жазған жазбасы елді жылатты

Қазақстандықтар өрттен қаза тапқан қыздардың ата-анасына көңіл айтып, жантебірентерлік сөздер жазуда. Олар бұл қасірет туралы жұбату сөздерін жазып, көз жастарын тыя алар емес. Өйткені ата-анасының әлеуметтік желідегі парақшалары балаларының суреттері мен махаббатқа толы сөздерге толтырылған. Ата-анасының қыздарды жан-тәнімен жақсы көргені көрініп тұр, деп жазады Stan.kz.

Қазақстандықтар Астана тұрғынының қайтыс болған қыздары туралы махаббатқа толы жазбасын оқып жылауда

«Өмірде бақытсыздық, қасірет, сүйікті адамдарыңнан айырылу секілді көптеген қайғы-қасірет болады. Бірақ, мен мұның бәріне көз жұма қараймын. Өйткені, менде бақыт бар, менің өмірімнің мағынасы – менің қыздарым», – деген жазба жазылған қайтыс болған апалы-сіңлілі қыздардың анасының желідегі парақшасында.

Бір күнде 5 бірдей періштесінен көз жазып қалған ананың парақшасында қыздарының суреттері жүктелген екі альбом бар. Анасы «Менің сүйіктілерім» және «Менің ханшайымдарым» деген екі альбом ашыпты. Ал оның ішінде жүздері бал-бұл жанған бақытты балалардың суреті.

Анасы 5 жасар Сәбинаның суретіне: «Жақсы көремін, сүйемін», деп жазған екен…

«Мен жалғыз қалудан қорықпаймын, бірақ қыздарымсыз қалудан қорқамын!», – деп жазба қалдырған, қыздардың анасы Жанымгүл бірнеше ай бұрын.

Ал балаларынан айырылған ананың парақшасына кірген желі қолданушылары қара жамылған ата-анаға қолдау сөздерін қалдырып, «Иманды болсын» деп көңіл айтуда.

Бекем болыңыздар!!! Бұл қайғы-қасіретте бүкіл ел сіздермен бірге!

Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген. Олардың ең кішісі – жасқа да толмаған. Түнде олар тірідей өртеніп кеткен кезде, ата-анасы жұмыста болған.

Бүгін марқұмдардың денесі жер қойнына тапсырылды. Жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау