Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар 8 наурыз мерекесіне орай үш күн демалады

ҚР үкіметі қаулысына сәйкес, қазақстандықтар 8 наурыз мерекесі құрметіне орай үш күн демалады. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің ресми сайты мәлімдеді.

11054653Сурет ҚР қорғаныс минитсрлігі

“Ресми жұмыс істейтін, еңбек ететін азаматтар үшін қызметкерлердің демалысы үшін қолайлы жағдай жасау және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында ҚР үкіметі демалыс күндерін 2016 жылдың 5 наурызынан (сенбі) 2016 жылдың 7 наурызына (дүйсенбі) ауыстыру туралы қаулы етеді”, – делінген хабарламада.

Қажетті өнім шығару, қаржыны қоса алғанда қызметтерді көрсету, сондай-ақ құрылыс нысандарын қолданысқа енгізу үшін еңбек, материалдық және қаржылық ресурстар қамтамасыз етілетін ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша жұмысты 2016 жылғы 7 наурызда жүргізуге құқық беріледі.

Аталмыш күні жұмыс Қазақстан Респуликасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.

Талқылау