Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар жазғы демалысын қалай өткізіп жатыр (фото, видео)

Қазақстандық жұлдыздар жаз маусымын асыға күтіп жүрген-ді. Енді міне кезекті демалыстарында бірі шетел араласа, енді бірі ауылға барып қымыз ішуді жөн көрген. Үшіншілері бар уақытын балалары мен той бизнеске арнаған.

новый коллаж

Олай болса, қай жұлдыздың қалай демалып жатқанын анықтап көрейік.

Гастрөлдік сапардан қолы тимейтін Айқын жазғы демалысын балаларына арнауды жөн көрген. Ұлы Аңсарды бассейнге апарып, қызы Асылымды таза ауада серуендетіп жүр.

13329147_909119522550244_1340331771_n

12256591_1667495576832658_1093270031_n

Әнші бос уақытында барынша балаларына ана тілінде сөйлеуді үйрететіп жүргенін айтып өтті.

Кайрат ауыз ашуга асыгу устинде…. Устаган оразаларыныз баршанызга кабыл болсын!

Видео опубликовано Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Қайрат Нұртас

Әнші өзіне демалыс жариялап, туған бөлесі мен жездесін үйіне қонақ қылды. Оларға арнап өз қолымен кәуап та пісіріп берді.

“Қайратжанның кәуабын-ай болып жатыр үйімізде. Үйде тамақ дайындалып жатқанына қарамастан, екінші дәмге өз қолынан кәуап пісіріп, бізге деген құрмет көрсетуде. Ашығып күткен ас дәмдірек. Қайрат ауыз ашуға асығып жатыр. Ұстаған оразаларыңыз баршаңызға қабыл болсын! Ақеркешім мен Есенжол екеуі қонаққа келіп, ауыз ашарда бірге дәм тату бұйырды”, – деп Гүлзира Айдарбекова ұлын бір мақтап алды.

image

Кәмшат Жолдыбаева

Әнші сигвейде жүруді меңгеріп жатыр. Бастапқыда қатты қорыққанын әнші жасырмайды. Бұдан өзге Жолдыбаева концерттерге шақырту алмаса да, тыңдармандарымен ашық аспан астында жүздесуді жөн көрген.

“Бұл тұрыс ненің белгісі ? Астымдағы қызыл “тұлпарымды” ақыры бағындырдым-ау. Шыны керек , басында көп қиналдым. Сол жеңісіме қуанып тұрған сәт! Мінуін міндім ғо, енді тек алға”, – дейді Кәмшат Жолдыбаева.

00

01

🐬🐳🐠🐟🌊🏊🏾 #люблюилюбима #счастьеесть #гармония #любовь 💙💙💙

Видео опубликовано Dilnaz Akhmadiyeva (@dilnaz_akhmadiyeva)

Ділназ Ахмадиева

Әнші халықтан жасырған сүйіктісімен бірге теңіз жағасында демалып жатыр.

8b06d61036b763edf622293567a1d9a9_XL

Төреғали Төреәлі

Ал Төреғали Төреәлі шоудың басты кейіпкеріне болуға дайындалып жүр. Әнші Қапшағай көлінің ортасында өзіне ерекше фотосессия ұйымдастырды.

“Ассалаумағалейкум, қалайсыздар? Оразаларыңыз қалай болып жатыр? Ауыздарыңыз берік болып қиналып жатқан жоқсыздар ма? Бізде Қапшағайда Валерия деген көкеміз бар. Фотосессия жасап жүрміз ТТТ ұжымымен. Барлығыңызды шын жүректен оразаларыңызбен құттықтаймыз. Қабыл болсын ниеттеріңіз. Мұраттарыңыз асыл болсын! Елде тыныштық болса екен, ағайын!” – дейді Төреғали Төреәлі.

1111

11111

1111111

Диана Шарапова

Әнші отбасымен бірге Тайланд елінің Самуи аралдарында демалып жатыр. Аталған елде бір айға жуық уақыт тұрақтамақ.

00000

0

Кешкі жағалаудағы серуен 😊 @nazarali_official @orynbassarov_official

Видео опубликовано БАЯН НҰРМЫШЕВА (@bayannurmysheva)

Ерлан мен Баян

Жұлдызды жұп та шетелде демалып жатыр. Қос ғашық ұлдарын ортаға алып, Дубайда саяхаттап жүр.

“Мына атмосфераға келіп барлық шаршағанымыз басылды. Түн болса да, мында өмір қызып жатыр. Сурет салғанға мақтаншақ деп сөге көрмеңіздер. Жақсы көңіл-күймен бөлісіп жатқан жайымыз бар. Сіздерге бұдан да жақсы демалыс, көңіл-күй тілейміз. Мені қонақжайда жұмыс жасап отырған украиналық мызкашыларға таныстырып, гитара тартқызып, өзі марқайып, мәз болып тұр. Күндіз күнделікті дәл осындай шоу болады”, – дейді Баян Нұрмышева.

2

1

Айгүл Иманбаева

Өзгелері шетелде демалса, Айгүл Иманбаева ауылға баруды жөн көрген. Актриса ауылға деген сағынышын басып ұлы екеуі Кенен Әзірбаев атындағы мұражайға барған. Мұнымен қатар, уақытты құры жібермей курстастарымен жүздескен.

5

3

4

Луина

Әнші су киімін киіп, бассейнге түсіп те үлгерді. Мұнымен қатар, әнші Алматыдағы түрлі спорттық жарысқа қатысып жатыр. Арасында дүкен аралап, косметикасын жаңартуда.

6

7

Ерке Есмахан

Әнші Шымкентке қонаққа барып, Ләйлә Сұлтанқызының қолынан кітап алғанына қуанып жүр. Дәл қазір әнші Астананың көрікті жерлерін аралауда.

#серыймиривдругпоявиласьрадуга

Видео опубликовано Рамазан 🙈🙉🙊 (@kentalkz)

Кентал

Әнші жаз мезгілінде спортпен айналыспақ.

8

9

Санда

Жуырда бірнеше бейнебаян түсірген Санда кәсіби деңгейде сурет салуды қолға алған. Ол арнайы үйірмеге жазылды. Мұнымен қатар, бос уақытында фитнеспен айналысып жүр.

“Мектеп қабырғасында оқып жүріп портреттер салғаным есімде. Осы хоббиімнің арқасында жүрегім тынышталып, жаным рахатқа бөленетін. Ал дәл қазір сурет салумен кәсіби деңгейде айналысуды жөн көрдім. Кейде түсімде сөзбен сипаттап бере алмайтын жерлер мен заттарды көремін. Оларды шынайы өмірде бірде-бір рет көрген емеспін. Міне соларды салып көргім келеді”, – дейді Санда.

000000000

Дуэтiмiздi жаксы кабылдауда.. Рахмет Павлодар! 😉 #АрманКонырАшаМатай #Жараламагын

Видео опубликовано ГР. MYSTERIONS ☎️ +77021113545 (@armankonyr)

Аша Матай мен Арман Қоңырбаев

Ғашықтар ел аралап, тойда ән салып жүр. Десе де, көп қыдыруға Ашаның жүктілігі кедергі жасаса керек. Ол жарты жолдан үйіне қайтқан. Дәл қазір тележүргізуші анасымен бірге Алматы қаласында қыдырып жүр.

000000000

Алтынай Жорабаева

Әнші арықтаудың қамына кіріскен-ді. Ол жақындарымен Бурабайдағы сауықтыру орталықтарының бірінде демалып жатыр.

“Кеш жарық, достар! Бурабайда “Оқжетпес” сауықтыру демалыс орнында бүкіл жағдай жасалған екен. Табиғаттың аясына да тренажер қойылыпты”, – деп Алтынай Жорабаева сымбатына ерекше мән беретінін жеткізді. Мұнымен қатар, аталған аймақтың ормандарын аралап, тиіндерін тамақтандырып жүр.

11

Лидо

Әнші де Луина секілді шомылу маусымына дайындалып жатыр. Күн сайын жаттықтырушысымен бірге жұмыс істеуде.

13298132_303919903272676_152581229_n

1

Жайық өзені! #жайык #Атырау #dinarasultan

Видео опубликовано Dinara Sultan (@dinara_sultan1)

Динара Сұлтан

Туған елге оралған Динара Сұлтан әріптестерімен бірге бейнебаян түсірді. Артынша өлкесінің көрікті жерлерін аралауға кірісті.


Жіберіп алмаңыздар:

Қазақстандық жұлдыздар мен спортшылар ақтөбеліктерге көңіл айтып, құран оқытты

Қазақстандық жұлдыздар халықты Рамазан айының басталуымен құттықтады (фото, видео)

Қазақстандық жұлдыздардың ерекше хоббилері (фото, видео)

Балаларына ерекше есім сыйлаған қазақстандық жұлдыздар

Талқылау