Қазақстандық жұлдыздар мен спортшылар ақтөбеліктерге көңіл айтып, құран оқытты

Жұма, 10 Маусым , 2016 11:24

Қазақстандық жұлдыздар мен спортшылар қанды оқиға кезінде қазақ тапқандардың туысқандарына көңіл айтып, бейіт басында құран оқытты.

image

Фото: instagram.com/karakat_a/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Маусымның 5-і күні Ақтөбе қаласының Филормония аумағында, 5-ші ықшам ауданында және “Паллада” қару дүкенінің жанында бейбіт халыққа террорлық шабуыл жасалған еді. Ақтөбедегі екі күндік арнайы операциялардан соң 13 күдіктінің көзі жойылып, 8-і ұсталды. Дәл қазір Ақтөбеде террористерді ұстау операциясы жүргізіліп жатыр.  Ал қаза тапқан ақтөбеліктердің саны 20-дан асады. Осы қайғылы хабарды естіген қазақстандық жұлдыздар мен спортшылар марқұмдардың туыстарына көңіл айтты. Олардың артта қалған отбасыларына көмек көрсетілуі керектігін тілге тиек етті.

10

Қыдырәлі Болманов: Жандарың жәннатта болсын, бауырлар! Осы әскери бөлімшенің тура біз тұрған жерде сәл оң жақтағы үлкен машина кіретін қақпаны көшеден ұстап алған автобуспен бұзып кірген. Кіре сала қарусыз солдаттарды атқан. Қазақ балалаларын. Жап-жас балаларды. Қазақтарды басып алып, қару-жарақтарын алу үшін. Қасиетті Оразада осындай сұмдыққа адам не үшін барады? Адам деуге де болмас мұндайларды. Не мақсат? Алланың алдында не айтпақ? Алла сақтасын! Үлкен сынақ болар бәлкім. Сабыр сақтап, дұға-тілегімізбен Жаратушымыздан иманымызды күшейтуін, бәле-жаладан сақтауын, елімізге тыныштық, бақ, береке, беруін тілейік. Дұрыс әрекет жасайық! Қазақ елі біртұтас бірлігін жоғалтпасын. Қасиетті оразадағы тілек-ниеттеріңіз қабыл болсын!

9

Қарақат Әбілдина: Әншi ретiнде де, әйел ретiнде де, ана ретiнде де Алладан ең бiрiншi сұрайтыным – елдiң тыныштығы… Баласының тыныш ұйқысын тiлемейтiн ана бар ма?! Жасыратыны жоқ, елден тыныштық кете бастады. Кешегi Ақтөбедегi қанды қырғын жүрегiмiздi сыздатты. Асыл дiнiмiздiң атын жамылып адасқандар қанша шаңырақты зар жылатып кеттi. Бұл жалғыз Ақтөбенiң қайғысы емес, бұл бүкiл халықтың қайғысы. Қазаның орны толмайды, шахид болған бауырларымызды Алла жаннатпен сүйiншiлесiн! Қандықол қанiшерлер лайықты жазасын алса екен. Ақтөбе, бiз сiздермен бiргемiз. Бүгiн таңертең азаматымды Ақтөбеге шығарып салдым. Кеше ғана той тойлап, ән салып барып жүрген арайлы Ақтөбеге осындай қаралы күнде бару әрине ауыр. Бұл қайғының соңы болсыншы. Қасиеттi Рамазан айында халқыма тыныштық тiледiм.

3

Мейрамбек Беспаев

2

Ерке Есмахан: Ақтөбем жаққа алаңдаулымын

1

Мақпал Жүнісова: Еліміз тыныш болсыншы!

5

Сәкен Майғазиев: Алла тағала жандарыңызды жәннаттың төрінде шалқытқай, бүгінгінің батырлары!

8

Сиви: Біз Ақтөбемен біргеміз!

11

Шоқан Маратұлы

14

Баян Нұрмышева: Барша қаза болған бауырларымыздың жаны жәннатта болғай!

6

Қайрат Нұртас

4

Төреғали Төреәлі

15

Әли Оқапов: Иманды болсын

16

Мәдина Сәдуақасова: 9 маусым елімізде аза тұту күні болып жарияланды. Қанды оқиғада бақи болған жандардың отбасыларының қайғысына ортақпыз. Арты қайырлы болсын, ақтөбелік бауырлар!

7

Әсел Сәдуақасова

19

Абай Бегей: Артында қалған туыстарына, отбастарына, жақындарына көңіл айтамын! Алла мейірімді!

18

Ділназ Ахмадиева

17

Бүркіт: Иманды болсын!

12

Денис Тен: Қайғылы күн болды. Жапа шеккендерге көңіл айтып, қолдау сөзімді жеткіземін.

13

Сәбина Алтынбекова: …

20

Илья Ильин: Ақтөбеде қаза тапқандардың барша туыстарына көңіл айтамын!


Жіберіп алмаңыздар:

Қазақстандық жұлдыздар халықты Рамазан айының басталуымен құттықтады (фото, видео)

Қазақстандық жұлдыздар жер саудасына қарсылық білдірді (видео)

Қазақстандық жұлдыздардың ерекше хоббилері (фото, видео)

Тест: Қазақстандық жұлдыздарды тек көзіне қарап тани аласыз ба?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар