Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар жаңажылдық демалысын қай елдерде өткізіп жатыр

Отандық эстрада жұлдыздары мен шоубизнес өкілдері Жаңа жылды шетелде қарсы алуда. Мәселен, әнші Мейрамбек Бесбаев жанұясымен Таиландтағы аралдардың бірінде жүр. Кенжебек Жанәбілов те әріптесінен қалыспай, отбасымен бірге Дубайда демалуды ұйғарыпты.

Сонымен халық алдында жүрген жұлдыздардың басқасы 2019 жылды қалай бастады? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Сонымен, Қазақстандық жұлдыздар жаңажылдық демалысын қай елдерде өткізіп жатыр?Тайландта қатты дауыл болады деп жатса да, біздің жұлдыздардың біразы сол жақта жүр. Мейрамбек Бесбаев отбасымен Пхукетте демалуда. Бұл арал Таиландтың батыс жағалауында. Мұндай мәліметті әлеуметтік желідегі жазбаларынан білдік. Музарт тобындағы Кенжебек Жанәбілов те Мейрамбектен қалыспай, Дубайға барған. Ал продюсер Баян Алагөзованың Instagram желісіндегі парақшасына қарағанда, ол қазір Францияның Ницца және Испанияның Барселона қалаларында күйеуімен бірге демалып жүр.

Чипчипәнімен танылған Асхат Тарғын Сауд Арабиясының Мекке қаласында жаңа жылдық демалысын өткізуде. Актер әрі тележүргізуші Тәуекел Мүсілім Түркияның Анталья қаласына кетіп қалыпты. Бірақ ол мұнда демалысқа емес, қырғызстандық режиссер Руслан Акунның жаңа фильмінің түсірілім жұмыстарына қатысып жатыр екен. Әли Оқапов та киноға түсіп жатыр екен. Бірақ шетелде емес, түсірілім жұмыстары Қазақстанда. Соның кесірінен ешқайда шыға алмай қалыпты.

“Қазір мен толықметражды киноға түсіп жатырмын. Сондықтан демалыс жоқ мендеТайландта демалғанды ұнатамын”, – Әли Оқапов.

Ерке Есмахан, Нұрлан Еспанов та сыртта жүр қазір. Жұлдыздардың бәрі әлі елге келмеген сыңайлы, себебі телефондары сөндірулі. Шетелге баруға, теңіз жағасына асығып, күн санап жүргендердің бірі Бүркіт. Алдымен Еуропаға барамын деп жоспарлап қойыпты. «Италияға кетемін, келгесін Индонезияға барамын. Теңіздің жағалауы, сондай жер ұнайды ғой» – дейді әнші Бүркіт. Ал әр жылы бір шу шығарып жүретін Төреғали жаңа жылда ақшасын шетелге шашпай, Жетісу жерінде айғырға мініп серуендеп жүр. Бұл қыл құйрықты бір қажы адам сыйға тартыпты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау