Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар халықты Рамазан айының басталуымен құттықтады (фото, видео)

Маусымның 6-сы күні барша мұсылман үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталған болатын. Елімізге танымал жұлдыздар да 29 күн бойы Ораза ұстап, мұсылман парызын орындауға ниет білдірген. Олар барша қазақстандықтарды асыға күткен құлшылық айымен құттықтады.

1

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірі Рамазан айын гастрөлдік сапарда жүріп қарсы алса, енді бірі арнайы дайындалып, желі қолданушыларымен кеңестерін бөліскен.

1

Ерке Есмахан: Сүйікті Рамазан айы мүбәрәк болсын! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, тілектеріңіз орындалсын! Елде орын алған жайсыздықтар енді қайталанбасын деп тілеймін! Ақтөбем жаққа алаңдаулымын… Рамазан айы тыныш, берекелі өтсін!

2

Төреғали Төреәлі: Ассалаумағалейкум, асыл жұрт! Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

3

Қыдырәлі Болманов: Қасиетті Оразада тілек-ниеттеріңіз қабыл болсын! Бақыт-береке бергей. Ауыз ашар дұғаларыңыз, ауыз бекітер дұға-ниеттеріңіз қабыл болсын! Біз күні-түні үлкен жанұямызбен үлкен концертке дайындалып, Алладан абырой тілеп жұмыстамыз. Қасиетті оразамызда әрбір атқан таң қайырлы, тілек қабыл болғай!

Қарақат Әбілдина: Барша мұсылман ағайындарды келіп жеткен қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын! Оразаларыңыз ұстаған қабыл болсын!

5

Мәдина Сәдуақасова: Рамазан айы құтты болсын, жамағат! Ниет қылып ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!

6

Сәкен Майғазиев:  Ассалаумағалейкум, ағайын! Бүгін, яғни, маусым айының 5-нен 6-на қараған түні таң алдында ауыз бекітеміз. Рамазан – пенденің Жаратушысына жақындай түсетін уақыты. Осы мүмкіндікті әрбір мұсылман жіберіп алмауы керек. Шексіз мейірім иесі Алла тағала пенделігімізді, әлсіздігімізді кешіріп, отыз күн оразамызды қабыл еткей.

4

Айнұр Тұрсынбаева: Осы постты жазамын деп жүргенiме 2-3 күн болды, әйтеуiр қолым босамай қойды. Кешеден берi басым сынып телефонға қарауға шамам келмей қалды. Бүгiн жазбасам кеш болатынын бiлiп қиналсам да жазайын деп отырмын. Достарым, қасиеттi Рамазан айы да келдi, бұйырса бүгiн түнде ауыз бекiтемiз. Жалпы басқаларға қарағанда менiң оқырмандарым өте иманды. 80-90% оқырманым оразаны анық ұстайды.

Бұл пост оразаны ұстауға дайын емеспiз деушiлерге, қиналып қалам деп қорқып отырғандарға арналады. Ең алдымен, ораза ұстап өлiп қалған ешкiм жоқ, керiсiнше барлық ауру астан болады, ал кешке дейiн аш жүруге шыдамыңыз жетпесе сiз өте әлсiз адамсыз! Менiң бiр танысым дәрiгерлер ешқашан балаң болмайды, ұрықтарың өлiп қалған деген едi, кейiн қызды болды. Себебiн сұрағанымда отыз күн оразада бiр күн демалмай дұға жасадым, ораза бiте салып әйелiм бала көтердi деген болатын.

Кiмнiң жүрегi тыныш емес, кiмнiң жұмысы жүрмей жатыр кiм қиналып жүр, кiмнiң отбасында береке болмай тұр?! Бүгiнгi түннен қалмай ораза ұстасын! Еш дайындықтың керегi жоқ! Мен ораза ұстауға ниет еттiм, Алла барлық қиындықтан құтқар деп дұға жасаса болды! Бұл айдың қасиетiн мен сөзбен түсiндiре алмаймын. Әрбiр минутты пайдаланып қалыңыздар. Алла айтады, бәтеңкеге бау керек болса да менен сұра, мен барлық керегiңдi тауып беремiн, барлық дұғаңды қабыл етемiн дейдi, ал Рамазан айы барлық дұға қабыл болатын ай достарым. Ал, кiмдер оразаны асыға күтiп отыр екен, айта отырыңыздар?

7

Кәмшат Жолдыбаева: Құрметті, мұсылман қауымы! Ұстаған Оразаларыңыз қабыл болсын! Қасиетті Рамазан құтты болсын!

8

Кентал: Егер ренжіткен болсам, көңіліне келер сөз айтқан болсам, сыртыңнан ғайбат айтып тіліммен зиян келтірген болсам, осы бір қасиетті Рамазан айында кешіруіңді өтінемін. Мұсылман бауырым ретінде өзіңді жақсы көремін және Жәннатта да өзіңмен дос болғым келеді. Шын жүректен кешірім сұраймын!

9

Бүркіт: Ұстаған оразаларыңыз қабыл болғай!

13398828_1410498575642946_1086488217_n

Бейбіт Құшқалиев: Қош келдiң, Рамазан 2016! Бiз үшiн мүбәрак бол! Аллаға шүкiр!

14

Серік Ибрагимов: Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан! Алла ізгі амалдарымызды, ниеттерімізді, дұға-тілектерімізді қабыл етсін! Әумин!

Қайрат Нұртас: Ассалаумағалейкум ағайын! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Барлық мұсылман бауырларымыздың дұға-тілектері де қабыл болсын деп тілеймін!


Жіберіп алмаңыз:

Футболдан Әлем чемпионатында қазақстандық жұлдыздар бас жүлдені алды (видео)

Қазақстандық жұлдыздар балаларын қалай тәрбиелейді

Қазақстандағы көпбалалы жұлдыздар

Қазақстандық жұлдыздар балаларымен мектепке барып, мерекемен құттықтады (фото)

Талқылау