Қазақстандық жұлдыздар киімнен ақшасын үнемдеу үшін қандай құйтырқылыққа барады

Жұма, 17 Маусым , 2016 15:54

Бір көйлегін екінші рет кимеуге тырысатын жұлдыздардың құпиясы мол. Солардың бірі мерекелік кештерде киетін киімдеріне қатысты. Олар әдетте әрдайым жаңа образда көрініп, жұртты көркімен тамсандырып жүреді. Десе де, жұлдыздар бұл киімдерді қыруар ақшаға сатып алмайтындарын айтады. Мысалы, Луина жақын құрбыларынан көйлекті жалға алады екен.

13269347_521350318051713_2103873661_n

Фото: instagram.com/lido_kz/

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Мен жасырмаймын кей кезде өзімнің жақын құрбыларымнан сұрап алатын көйлектер болады. Бір киген соң қайтарып беремін. Көбінесе сатып алуға тырысамын, әрине”, – дейді әнші.

13259536_1022706764479316_916583253_n

Фото: іnstagram.com/aidayissaeva/?hl=ru

Ал Қазақстан аруы әрі дәрігер Айдай Исаева жалға алатын бойжеткендерді түсінбейтіндігін айтады. Оның ойынша, бір адамың бойындағы аурулар мен жағымсыз иістер екіншісіне киімдері арқылы жұғып кетуі мүмкін екен.

“Жалға алсақ, гигиена мәселесін ескермегеніміз ғой. Бір адамның кигенін екінші адам кимегені жөн. Олардың тері иісі өзара жұғуы мүмкін. Сондықтан жалға алмаймын”, – дейді Айдай Исаева.

Көйлегі көптің көңілінен шығу үшін осылайша бірі жалға алады, екіншілері қалтасындағы соңғы тиынын төлеуге әзір. Мұнымен қатар, шоу-бизнес өкілдері өздерінің танымалдылығын пайдаланып, киімді жарнамалау арқылы  дүкендерден тегін немесе жеңілдікпен алады екен.

12301363_930886847000175_605577236_n

Фото: instagram.com/naarah_s/

“Біз әртүрлі дүкенмен жұмыс істейміз. Ал танымал адамдардың тауарларын жарнамалауы оларға таптырмас мүмкіндік болмақ. Бұл жұлдыздардың әрдайым жаңа көйлекте жүруінің басты құпиясы деп біліңіз”, – дейді әзілқой Гүлнәр Силбаева.

image

Фото: instagram.com/adil_liyan/

Ал продюсер Әділ Лиян танымал сәнгерлермен дос болып, олардан киімдерді тегін алатындығын айтады.

Сән кештеріне жиі баратын Лидо да киімді жалға алатындардың қатарынан емес. Өзіне ұнаған көйлекке қол жеткізу үшін әнші ешнәрседен тайынбайды екен.

fW-myDbD_aE

Фото: instagram.com/lido_kz/

“Мен ешуақытта киімді жалға алған емеспін. Басқосуларда киіп жүрген көйлектерім маған сыйға берілген немесе оларды өзім сатып алғанмын. Кей кездері өзімнің талғамыма қарай арнайы тіктіремін”, – дейді Лидо.


Жіберіп алмаңыз:

Диета ұстауға қиналатын қазақстандық жұлдыздар кімдер

Қазақстандық жұлдыздар жазғы демалысын қалай өткізіп жатыр (фото, видео)

Қазақстандық жұлдыздар мен спортшылар ақтөбеліктерге көңіл айтып, құран оқытты

Қазақстандық жұлдыздар балаларына қойылған ерекше есімдер (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Шли құйтырқылыққа дейметін шығарсың жұлдыз болған мен пенде ғой кисе киер журналист қаумы шли сауатсыз және арсыз болып барады өкінішті. Самауырынан су ақты дегенді Самарқанды су алыпты деп ұят ай.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар