Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық тележүргізуші бейтаныс әйелге өзінің қымбат көлігін тарту етті

Белгілі қазақстандық тележүргізуші Жанат Бақыт өзінің қымбат автокөлігін лотереяда ойнатты. Жуырда ол ұтыс жеңімпазын анықтап, оралдық Мейіргүл есімді әйелге темір тұлпарын тарту етті, деп хабарлайды Stan.kz.

жанат_6

Осыдан бірнеше ай бұрын Жанат Бақыт ұтыс ойнататынын, оған өзі мініп жүрген көлікті тігетінін хабарлаған болатын. Лотереяға қатысу үшін талапкерлер Жанат Бақыт сән үйінен әшекей-бұйым не киім сатып алуы тиіс еді.

Жуырда Жанат отандық радиоарналардың бірінде тікелей эфир барысында жеңімпазды анықтады. Осылайша ол лотереяның әділ ойнатылған көрсетпек болды. Алайда соған қарамастан, қатысушылар арасында наразылық танытып, сайыстың әділ өткеніне күмәнданғандар жетерлік. Тележүргізуші оларға өз жауабын берді.

«Алда тағы байқау ұйымдастырамыз, сол кезде сіздің де асығыңыз алшысынан түсер, кім білсін?! Біз емес, тек Алла біледі емес пе? Адам адамнан қорықпаса да, Құдайдан қорқу керек. Мен пайда көрсем де, көрмесем де, еңбегіммен тапқан көлікті сайысқа салдым, ешкімді қинап қатыстырмадым, бір жағынан сауап, бір жағынан енді ашылған дүкеннің акциясы дедім. Билеттің бірін қалдырмай салдым. Құдайдың алдында арым таза. Бес күндік жалғанда бір-біріміздің сыртымыздан ғайбат айтып күнә арқаламайық, достар», – деп жазды ол.

Ал Орал қаласының тұрғыны Мейіргүлге берілетін автокөлік, міне, осындай.

Жіберіп алмаңыз:

Алтынай Талғат Жорабаевқа су жаңа көлік сыйлап қуантты (видео)

Елбасы “Түнгі студияда” жұмақ туралы тәрбиелік мәні зор әңгіме айтып берді (видео)

Нағима Есқалиева атақ үшін өзіне дөрекі ұсыныс жасалғаны туралы айтты

«Нұр-Мұқасан» дуэті тарап кетті

Талқылау