Алтынай Талғат Жорабаевқа тосыннан су жаңа көлік сыйлап қуантты (видео)
Алтынай Жорабаева інісі Талғат Жорабаевқа су жаңа көлік сыйлап қуантты. Әпкесінің тосын-сыйынан бейхабар болған Талғат темір тұлпарды көргенде таңырқап қалды. Әнші қуанышты жаңалығымен желіде бөлісіп, тыңдармандарынан сүйінші сұрады, деп хабарлайды Stan.kz.

Алтынай Жорабаева Талғаттың көлігі жиі бұзылатындықтан оған сыйлық жасауды жөн көргенін айтты.
Ол тосын-сый жасау мақсатында інісін өзге себеппен шақырып алады. Ештеңеден хабары жоқ Талғат болса су жаңа көлікті көргенде таңырқап, қуанғанынан әпкесін құшақтап алады.
“Бұрын біреулерге рахат, көлік сыйлай салады деп қызығатын едік. Алла армандаған нәрсеңді беремін десе терезеден де бере салады екен. Бауырым, жаным менің, рахмет. Мұндай әпке ешкімде жоқ. Бала-шағамның несібесі”, – деді қуанышымен бөліскен Жорабаев.
Жіберіп алмаңыз:
Ерке Есмахан: Махаббаттан басым айналып жүр
Нағима Есқалиева атақ үшін өзіне дөрекі ұсыныс жасалғаны туралы айтты
Кентал 2017 жылы шаңырақ көтеретінін айтты
Менің анам мен үшін мінсіз. Айсәуле Бақытбек жан айқайын жеткізді
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды