Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық суретші жалаңаш қазақ қызына қатысты Ұят кейіпкерін салды

Суретші Мұрат Ділманов соңғы уақытта көпшілік арасында жалаңаш суретімен көзге түсіп, сынға іліккен Әсел Баяндароваға қатысты Ұят кейіпкерінің иллюстрациялық сериясын жасады.

а

Суреттер: facebook.com/murat.dilmanov

Суретші бір жұмысында Ұят кейіпкері мен Әсел Баяндарованың жекпе жекке  шыққан сәтін бейнелейді.

а

Суретте Ұят кейіпкерінің қызға орамалмен қарсы шыққаны көрсетілген. Бұл жерде, суретші Мұрат Ділманов Астанадағы жалаңаш қыз мүсінін орамалмен жауып танылған Талғат Шолтаевты еске салады.

у

«Ұят – бұл ойдан шығарылған кейіпкер. Мен оны қолдамаймын. Тек астыртын мағына бергім келді», – дейді суретші.

Айта кетейік, астаналық косметологтың еркектердің жыныс мүшесінің ұзындығы туралы жазған посты қызу талқыға түскен болатын. Әсел ерлерге физикалық және психологиялық тұрғыдан мықты болуға кеңес берген еді. Оның жазбасын өте кең ауқымда талқыға салғандар үшін, өзінің кеудесін қолымен жауып, іш киіммен тұрған ғана суретін салып жауап берген.

Әлеуметтік желінің жүздеген қолданушылары оны ұятсыз деп атап, қоғамның кері кетуінің көрініс деп бағалаған. Олар қызды ұлттық құндылықтан жұрдай деп, тек өзінің тәнін өте арзан әңгімемен жарнамалап тұр деп пікір қалдырған.

Жіберіп алмаңыз:

Сексуалды төңкеріс: жалаңаш әйелді қолдаған қазақстандықтар екі тарапқа бөлінді (фото)

Талқылау