Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы қол күрестен әлем чемпионы атанды

Ақмола облысының тумасы Дмитрий Тюков халықаралық армрестлинг жарысында алтын жүлде еншіледі.

3184365

Бұл туралы облыстық спорт және мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Венгрияда өткен жарысқа Ақмола облысының үш спортшысы аттанған екен.

Дмитрий Тюков финалға дейін сенімді жеңіске жетіп, финалда түркиялық қарсыласынан басым түскен. Үшінші орын Ресей спортшысында. Тюковтың бапкерінің айтуынша, ол тек бірінші орын үшін дайындалған.

“Мен Диманың жеңетінін білдім. 11 жыл осы спортта келе жатқандықтан қай жарыстың деңгейі қандай болатынын білемін. Сондықтан біз барынша дайындалдық”, – дейді Ильин.

2 қыркүйекте басталған әлем чемпионаты 11 қыркүйекке дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз:

Әлем чемпионының анасы: Төреші Қайратымның қолын көтергенде, төбем көкке екі елі жетпей қалды

Шымкенттіктер Әлем чемпионатында жеңiспен оралған боксшыларды әуежайдан күтіп алды

ЧЛ: Қазақстан құрамасы Польшадан да 3:0 есебімен ұтылды

11 жасар қазақ баласы бөтелке үстінде тұрып кеуде көтеруден рекорд орнатты (видео)

Талқылау