Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Польшадан да 3:0 есебімен ұтылды

Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Варшавада Польша құрамасына 3:0 есебімен ұтылды.

image_l

Бірер күн бұрын дәл осындай есеп айырмасымен Астанада Черногория құрамасына жол берген еді, деп хабарлайды vesti.kz.

Ойындағы есепті 11 минутта Аркадиуш Милик ашты. Оның баспен бағыттаған добын Давид Лория қайтара алмады. Бірінші таймда осы голдың есебі бойынша поляктар алда болды. Ал екінші тайм басында Қазақстан құрамасы гол соққан. Дегенмен латвиялық төреші Сергей Хижниченконың соққан голын есепке алмады.

72 минутта Роберт Левандовский айып соққысын сәтті орындады. Давид Лория допты қайтарғанмен, қақпа ішінен кері қайтты. Қақпа маңындағы төреші қателесіп, нәтижені есепке алмады. Дегенмен араға бірер минут сала Польша құрамасы ойындағы екінші голын соғып тынды. Камил Глик бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жетіп, есепті еселеді.

86 минутта төреші Андрис Триманис Юрий Логвиненко ойын ережесін бұзды деп танып, Қазақстан құрамасы қақпасына пенальти белгіледі. 11 метрлік айып соққысынан Роберт Левандовский мүлт кеткен жоқ.

Тағы да оқыңыз:

11 жасар қазақ баласы бөтелке үстінде тұрып кеуде көтеруден рекорд орнатты (видео)

Қайрат Нұртас әйелін жаңа әннің бейнебаянына түсірді (видео)

Тобыл өңірінде мамонттың салмағы 60 келі болатын азу тісі табылды

Талқылау