Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттіктер Әлем чемпионатында жеңiспен оралған боксшыларды әуежайдан күтіп алды

Шымкенттіктер мен жанкүйерлер, Оңтүстiк спорт саласының басшылары Гамбургтен жеңiспен оралған спортшыларды әуежайдан қарсы алды деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

20170904141840

Әлем чемпионы Қайрат Ералиев пен қола жүлдегер Ержан Жақыпқа, сондай-ақ құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановқа жанкүйерлер мен  ерекше құрмет көрсетті.

Мырзағали Айтжановтың шәкірттері отандық бокс тарихында ерледі. Өйткені Қайрат Ералиев оңтүстік өңірінен екінші болып, Әлем чемпионы атанып отыр. Қайрат Ералиев финалдық кездесуде америкалық боксшы Дюк Раганмен жұдырықтасып, әдемі бокс өрнегін паш етті. Боксшы халықаралық ірі жарыстарда алғаш рет жеңіс тұғырынан көрініп отыр. 2013 жылы Алматыда өткен Әлем чемпионатында, кейінгі Азия ойындары мен Азия чемпионатында қола алған еді.

20170904141737

Ал Ержан Жомарт жартылай финалдық бәсекеде 2015 жылғы әлем чемпионы кубалық Хоанис Архилагоспен жұдырықтасып, ұпай саны бойынша есе жіберді. Десе де ол құрама қоржынына әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдені салды. Бұл оңтүстік спортшысы  үшін үлкен нәтиже. Өйткені ол биылғы Азия чемпионатында үздік алтылыққа енбей, әлем біріншілігіне берілетін жолдамадан қағылған болатын. Алайда сарықұрлық біріншілігінде алтыншы орын алған индонезиялық боксшы Корнелиус Квангу Лангу лицензиясынан бас тартып, АИБА бұл жолдаманы жетінші орында тұрған Жомарт Ержанға берген еді.

Айта кетейік, Германияда өткен әлем біріншілігінде еліміздің  спортшылары 6 медаль олжалады. Жалғыз алтын медальды Қайрат Ералиев жеңіп алса, Әбілхан Аманқұлов пен Қамшыбек Қоңқабаев екі күміс еншіледі. Ал Василий Левит пен Жомарт Ержан және Абылайхан Жүсіповтер қоланы қанағат тұтты.

Тағы да оқыңыз:

Астанада Lexus көлігі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай үш оқушы қызды қағып кетті

Ақтауда шу туғызған үйлену тойы кортежінің жүргізушілері жауапқа тартылды (видео)

Қажылығын өтеп жүрген мүгедек қазақ жігітінің әңгімесі жүректі елжіретті

Талқылау