Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада Lexus көлігі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай үш оқушы қызды қағып кетті

Он және он алты жастағы қыздар әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды, ал үшінші оқушыны дәрігерлер қарап, үйіне қайтарды.

236874

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Қызыл жарығына өтіп кетіп, үш оқушы қызды қақты, деп хабарлайды елордалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Оқиға күндіз сағат 13:30-да болған. Балалар бағдаршамның жасыл жарығына жолды кесіп өтіп бара жатыпты.

“21 жастағы жүргізуші Момышұлы даңғылымен келе жатып, Аманат көшесімен қиылыста, бағдаршамның қызыл жарығына өтіп, жолдан өтіп бара жатқан оқушыларды”, — деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі  басшысы Софья Қылышбекова.

Жол апаты салдарынан дене жарақатын алған он және он алты жасар екі қыз ауруханаға жатқызылды. Тағы бір он жасар қызға медициналық жәрдем көрсетіліп үйіне қайтарылған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, жүргізушгі қамауға алынды.

Тағы да оқыңыз:

Ақтауда шу туғызған үйлену тойы кортежінің жүргізушілері жауапқа тартылды (видео)

Қажылығын өтеп жүрген мүгедек қазақ жігітінің әңгімесі жүректі елжіретті

Екі аталық арыстан аналығының көзінше жақындасты

Талқылау