Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық компания 14 мың долларлық бір қорап шоколад ұсынды (видео)

лматыда қазақстандық The Ross Limited компаниясы  14000 доллар тұратын  бір қорап конфет ұсынды.

шоколад

Шоколадтың әр тілімі таза жанартаулық шыныдан жасалған алты бұрышты қорапшаға салынған. Коллекцияда түрлі геометриялық пішімдегі   6 тілім бар. 585 сынама алтынмен безендірілген.

Оның 4 қыры отты, 8 қыры ауаны, текшесі – жерді, 20 қыры суды және дөңгелек – бос кеңістікті білдіреді.

Шоколадтың мың данасы шығарылғаны хабарланып отыр.

Кондитерлердің бұл конфетті шығаруына Вивьен Ли, Мэрилин Монро және Одри Хепберн жұлдыздары әсер еткен.

Алтынмен көмкерілген қораптың жоғары сапасы нарықтық құнын 14 000 долларға дейін көтеріп жіберді.

The Ross Limited компаниясының негізін қалаушы – 23 жастағы Әділхан Сартаев.

Талқылау