Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ерлі-зайыптылар Ресейдегі кафелердің бірінде төбелес шығарды

Челябинскідегі ірі сауда орталықтарының бірінде түскі ас уақытында келушілердің арасында дау туындап қалды. Үстелді бөлісе алмай қалған келушілер бір-бірінің үстіне ыстық шәй мен газды су шашып, қала берді шаш жұлып төбелескен.

image134634

Сурет news.caravan.kz

Бұл туралы 1obl.ru хабарлайды.

Енді болған іспен полиция айналысып жатыр. Ұрыстың себебі үстелге таластан туған. Келуші әйелдің бірі біреу меншіктен қойған үстелге жайғасады. Алайда айналасында басқа да бос орындар толып тұрған. Ал алғашқы әйел үстеліне оралып, босатуды кішіпейілділікпен өтінеді.

“Мен айттым: “Бұл жер бос емес, басқа орынға отыра аласыз ба?” деп. Ол сен кім едің деп басына жөнеліп ұрса бастады. Сөйтіп, менің жер-жебіріме жетті. Мен ұрыс-керісті тоқтата қойғым келіп, басқа үстелге отыруға ыңғайландым”, – дейді зардап шеккен Анастасия Кирханова.

Алайда ұрыс мұнымен бітпейді. Өзге орынға отыра берген әйелдің бетіне қасық келіп тиген. Ашуға булыққан әйел де қарап қалмайды. Әлгі әйел болса күйеуінің алдында тұрған стакандағы суды әлгі әйелге қарай шашып кеп жібереді. Алайда екеуара төбелестен Анастасия жеңіліп қалады. Нәтижесінде – бір уыс шашы жұлынып, басынан зақым алып, сынып, денесінің әр жері көгеріп, тіпті күйік те шалған.

Төбелесті тек сауда үйінің күзетшілері ғана араша түсіп тоқтата алған. Мұнан соң адамдар бірден басқармаға хабарласып, ашулы ерлі-зайыптыны іздеуге көшеді.

“«Ленинск” полиция бөліміне дене жарақаттарын алған әйел арыз түсірді. Ол арыз бізде тіркелді. Арнайы тексеріс жүргізіліп, материалдар сотқа жіберілді”, – дейді Челябинск полиция басқармасының баспасөз хатшысы Анжелика Мещерякова.

Қазіргі таңда шабуыл жасағандар табылмай жатыр. Тек белгілісі ізделініп жатқан ерлі-зайыптылар Қазақстан азаматтары екен. Олардың кінәсі дәлелденсе екі жылға бас бостандықтарынан айырылып, материалдық шығын төлеу міндеті жүктелуі мүмкін.

Талқылау