Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ене тәрбиелі келіндері туралы айтып мақтанды

5 баланың анасы, 20 немеренің әжесі Айткүл Анарбаева үлгілі дә тәрбиелі келіндері туралы айтып мақтанды. Кейуана үй шаруасына етене араласпаса да, балалардың көңіл-күйін жіті бақылап отыратынын айтады.

j04227442008-04-15-1208295921

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Келін деген кезде көз алдымызға сыпайы, нәзік, әрдайым күлімсіреп қарайтын, инабатты, ибалы қызды елестетеміз. Келін түскен кезде барлық ата-ана қуанады. Тіпті, үлкен келінім келген кезде қуаныштан жылағанмын. Алғашқы күні “Келінім, енді балам мен мына үй-жай сенікі. Атаң да, мен де сенікімін” деп айтқанмын. Мұның астарында бәріміз тату болайық, бір-бірімізді түсінісейік деген ой жатыр. Сол үлкен келін қазір қара шаңырақты иеленіп отыр.

Қандай жағдай болмасын, келініме ризамын. Ал екінші келінім бірінші келінімнен сабақ алды. Әдетте үйді барлығын бақылап отырамын. Үйде не болып жатқанын келіннің қас-қабағынан-ақ біліп қоямын. Келіннің көңіл-күйі болмай тұрса, “Әй, Гүлшатжан” келші бері. Саған не болды? Неге көңіл-күйің жоқ?” деп сұраймын. Менің сұрақтарыма әрдайым шын жауап береді. Әйтпесе, жағдай ушығып кетуі мүмкін. Мен соны басуым керек. Бірақ, үйдегі билікке ешуақытта таласқан емеспін. Соңғы шешімді солардың ыңғайына қарап отырып қоямын”, – дейді Айтгүл Анарбаева.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық ене өзін күтушіге айналдырған келінінен көрген қорлығы туралы айтып налыды

38 жастағы ер адам әйелі мен көңілдесі арасында таңдау жасай алмай қиналғанын айтты

Жас келіншек опасыздық жасағаны үшін кешірім де сұрамаған күйеуіне ренжіп жүр

Намазхан бойжеткен жігітіне өзін сүюге рұқсат беруге қорқып жүргенін айтты

Талқылау