Жас келіншек опасыздық жасағаны үшін кешірім де сұрамаған күйеуіне ренжіп жүр

Дүйсенбі, 3 Шілде , 2017 11:03

22 жастағы келіншек күйеуінің әрекетін түсінбейтінін айтып жылады. Ол опасыздық жасағанымен қоймай, келіншекті ұстап әуре болмайтынын айтқан.

izmena-zhenyi1

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“Сіздерге хат жазамын деп мүлдем ойламаппын. Қатты қиналып кеткендіктен, ішімдегі мұңымды жеткізгім келіп отыр. Қазір жасым 22-де. Осыдан екі жыл бұрын отбасын құрғанмын. Бізде бәрі жақсы болған. Құдайға шүкір, бір ұлымыз бар. Күйеуім де беделді қызметте. Бірге тұрып жатқан ата-енеміз де алтын адамдар. Мені туған қыздарындай көреді. Бар мәселе күйеуімде болып отыр. Екі апта бойы бір әйелмен сөйлесіп жүрген екен. Әлгі әйел бір баласы бар екенін айтыпты. Кеше үйге таң ата келді. Өзі мас. Көлігінде әйелдің аяқ киімі мен заттары жатыр.

Мойнын сүйіп қызартып тастапты. Қатты жыласам да, кешірім сұрамады. Жағдайды түсіндірмей, әлгі әйелмен ашық түрде сөйлесіп жүр. Маған “Қаласаң кете бер” дейді. Ал енем төркініме кетуіме қарсы. Шыны керек, өзім не болғанын түсінбей қалдым. Бізде бәрі жақсы болатын. Жұрт отбасымызға қатты қызығатын. Ал күйеуім бір жастан асқан ұлымды жақсы көреді. Бірақ, опасыздық жасағаны үшін ұялып та жүрген жоқ. Сіздердің ақылдарыңыз қажет. Әзірге ата-анамды уайымдатқым келмейді. Ажырасып кеткенім дұрыс па?» – дейді жас келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Намазхан бойжеткен жігітіне өзін сүюге рұқсат беруге қорқып жүргенін айтты

Жас келіншек күйеуін құрбысына қосқысы келген қайын сіңлісі туралы айтты

Маскүнем дәрігерлерге ем-домды қалай дұрыс жүргізу керектігін түсіндірді

21 жастағы студент болашақта тек танымал адамға тұрмысқа шыққысы келетінін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар