Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

38 жастағы ер адам әйелі мен көңілдесі арасында таңдау жасай алмай қиналғанын айтты

Ер адам екі адамды қатар сүйіп, таңдау жасай алмай қиналып жүргенін айтады. Көңілдесіне қатты бауыр басып қалған екен. Бір шетінен заңды әйелі мен бала-шағасын да қимайтынын айтады. Осы орайда, ол жұрттан шешім қабылдау үшін ақыл-кеңес сұрады.

women-addiction-and-trauma1-1024x685

Фото: MedicalPlanet.su

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“Биыл 38 жасқа толып отырмын. Отбасын құрғаныма 15 жыл болды. Әйелім екеуіміздің 4 баламыз бар. Бірақ, бір жылдан бері бір әйелмен жүріп жүрмін. Басында барлығы уақытша шығар деп ойлағанмын. Қазір оған қатты бауыр басып кеттім. Ол әйел ажырасқан, екі баласы бар. Менен 3 жас үлкен. Екі баласы да есейіп, отбасын құрған. Бір шетінен әйелім мен балаларымды да қатты жақсы көремін. Әлгі әйелді де қимаймын. Не істерімді білмеймін. Ойымнан шығар емес. Өзі төсекте мықты, есімді шығарып жібереді. Әйелімді де қатты жақсы көремін, онымен ажырасқым келмейді. Маған ақыл-кеңес беріңіздерші”, – дейді ер адам.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Жас келіншек опасыздық жасағаны үшін кешірім де сұрамаған күйеуіне ренжіп жүр

Намазхан бойжеткен жігітіне өзін сүюге рұқсат беруге қорқып жүргенін айтты

Жас келіншек күйеуін құрбысына қосқысы келген қайын сіңлісі туралы айтты

Маскүнем дәрігерлерге ем-домды қалай дұрыс жүргізу керектігін түсіндірді

Талқылау